VI международный творческий конкурс «Поклонимся Великим тем годам!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья, посвященном Дню Победы советского народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.

 

Сабақтың тақырыбы: Н.Ақыш «Компьютер жанындағы жанжал»

 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селосы Молдашева Құндыз Әмірбайқызы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Фото с сайта www.curierulnational.ro

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділігі: автор туралы оқушының жас ерекшелігіне сай мағлұмат беру, шығарма мазмұнын меңгерту
  2. Дамытушылығы: шығарма жанрын меңгерту, компьютерлік сауаттылықтарын шыңдау, интернет туралы түсініктерін қалыптастыру.
  3. Тәрбиелілігі: бір-біріне жылы лебіз айту арқылы мейірімділікке, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, Айдын бейнесін талдау арқылы білімекке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтау, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сызба, плакаттар, иллюстрациялық суреттер, техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, Сега ойын жабдығы, теледидар

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері

Оқушылар дөңгеленіп кілемге отырады. Бір бірінің қолын ұстайды. Бүгінші сабағымызда бір-бірімізге жүрегімізден шыққан жылы тілек айтумен бастайықшы.

/балалар тілектерін айтады/

— Міне, балалар біздер бір — бірімізге өз жүрегімізден шыққан тілектерімізді арнадық. Енді әсем әуеннің ырғағымен, сабағымызды одан әрі жалғастыру үшін кімдер қандай орталықты қалайды екен. Оны өздерің алдарыңдағы фигуралар арқылы анықтап аласыңдар. Ендеше іске сәт!

/балалар орналасады/

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

Бәріміз алдымыздағы пплакатқа назар аударайық. Мұнда әр сатыдағы тапсырманы дұрыс орындай отырып біздер мәреге жетуіміз керек. Дайынбыз ба?

Ендеше 3 топтан 3 оқушы ортаға шыға қойыңдар

1 сұрақ: Мысалдың авторы кім? Оның өмірі туралы не білесің?
1 сұрақ: Автордың қандай шығармаларын білесің?
1 сұрақ: мысалдың мазмұнын баяндап бер

2 сұрақ: Мысалдан үзінді жатқа оып бер
2 сұрақ: мысалдағы оқиғалар нелер арасында болған
2 сұрақ: арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?

3 сұрақ: мысалдағы арыстан қандай адамның бейнесінде тұр?
3 сұрақ: мысалдан өзіңе қандай сабақ алдың?
3 сұрақ: Осы мысалды сен қандай мақалмен қорытындылар едің?

Біздер өзімізге берілген тапсырмаладрыды бірігіп отырып , достық арқылы жеңіс мәресіне жеттік.

Топтарды бағалау

/Жай музыка ойналып тұрады/

Менің балалар сіздерег ұсынысым бар. Кімде-кім сол орталықта қалып жұмысымды жалғастырамын десе өз еркі. Ал өз орталығымды ауыстырамын десе ауыстыруға болады.

Ендеше менің қолымдағы 3 бөлікке бөлінген суретті әр топтан 1 оқушы келіп алсын, соның артындағы тапсырманы топпен ақылдасып шешсін.

/3 оқушы 3 бөлікті алады/

Тақта алдына шығып тапсырманы оқып жауабын айтады

ІІІ. Болжау стратегиясы

І тапсырма

Топырағын торқадай
Тасым лағыл алқадай
Қамыс, нуым, жиектей
Балғыным майса жібектей — деген шумақтағы ұйқасып тұрған сөздерді ата

ІІ тапсырма

Ең жақыным бір мен ем
Қандай жаман білмеген?!
өйткені ылғи адамға
ет, сүт, түбіт, жүн берем — деген жолдарда төрт түліктің қайсысы жөнінде сөзетілгенін айт

ІІІ тапсырма

Осы жұмыс ырғағы
Білезік пен алқаны
Сақинаны сырғаны
Күміс сыннан тартады — деген өлең жолдарында қандай өнер жөнінде айтылғанын тап.

Топтарды бағалау

— сонымен балалар бұл ненің суреті болды?
— Бұл компьютердің суреті
Бүгінгі сабағымыз компьютер жөнінде болмақшы. Компьютер дегеніміз электрондық есептеуіш машина

ІV. Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабағымыз арқылы компьютермен танысамыз. Сіздерге арналған, бүгінгі күннің талабына сай жазылған Н. Ақыштың «Компьютер жанындағы жанжал» әңгімесімен танысамыз.

/слайдтан сызба көрсетіледі/

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім мәтінді оқиды
Оқушылар іштей оқып отырады мәтінді
Дауыстап оқушылар кезектесіп оқиды

/оқушылар түсініксіз сөздерді түртіп отырады/

Мәтінді оқып таныстық. Енді қандай сөздерді түртіп алғандарыңды оқи қойыңдар. Сол сөздердің мағынасын ашайық.

V. Сөздік жұмыс

Орталықта жұмыс

1 оқу орталығының тапсырмасы:
Осы сұрақтарға ауызша талдап жасайсыздар
2. Жазу орталығының тапсырмасы:
Мәтіннен компьютерге қатысты сөздерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар
3. Өнер орталығының тапсырмасы:
Осы әңгімені рольге бөліп орындау және әңгімені қағаз бетіне қалай бейнелер едің?
Көрініс

/Көріністен соң әр топ тапсырмасын оқып, жазғандарын талдайды/

Топты және жеке оқушыны бағалау

/Жәй музыка ойнап тұрады/

Балалар кілемнің үстіне жиналып тұрады

— Кімге қандай орталықта жұмыс жасаған ұнады?

Бүгінгі сабақтан не алдыңдар,не ұқтыңдар?

Қорытынды

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе әңгіменің кейіпкері айдынға қандай мінездеме берер едіңдер? Соны бәріміз топтастырайықшы

Үйге тапсырма
Оқушыларды бағалау
Сабақты қорытындылау

Категория: