Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Шалдыбаева Салтанат Казымбековна директор школы, учитель казахского языка и литературы. Стаж работы 18 лет, I категория. КГУ «Средняя школа № 3» города Лисаковска

Шалдыбаева Салтанат Казымбековна

Сабақтың мақсаты:

1. Мақал мен мәтел туралы түсінік беру, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту.
2. Деңгейлік тапсырмалар, жаттығулар арқылы ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы деңгейлік тапсырмалар, нақыл сөздер

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру; ережені жатқа айту, мысал келтіру, жаттығудың орындауларын. тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Қызығушылықты ояту, ой қозғау, тақырыпты анықтау.

• адам ойын, тілін дамыту үшін не істеу керек?
• мақал-мәтелдердің қандай пайдасы бар?
• Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Интерактивті тақта арқылы көрсету:

2. Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:

• қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
• белгілі бір тұжырым, түйінді береді.
• өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.
• әр сөздің орны тұрақты болады, сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға болмайды.

3. Мақал мен мәтел айырмашылығын анықтау:

Мақал

Мәтел

1

Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді.

Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.

Көбіне бір бөлімді болып келеді.

Суға кеткен тал қармайды.

2

Ой неғұрлым ашық айтылады, тура мағынада ұсынылады.

Батыр туса-ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.

Ой, мағына ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

3.

Ақыл, өсиет түрінде келеді.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Көбіне эмоциялық реңк басым болады.

Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда.

4

Себебі мен салдары (нәтижесі) қатар айтылады

Қорқақты көп қусаң, батыр болады.

Істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.

Дария жанынан құдық қазба.

5

Көбінесе құрмалас сөйлем болады.

Жай сөйлем болады.

ІҮ.Сергіту кезеңін өткізу

4. Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей: Берілген мақал-мәтелдерді аяқта, мағынасын түсіндір.

1. Еңбек түбі —...,
2. ... сомың болғаншы, ... досың болсын.
3. Көз —..., қол — ...
4. Баланы..., әйелді ...

2-деңгей: Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, асты сызылған сөздердің синонимін табыңдар.

1. Өнерлі жігіт өрге озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
2. Ақылды адам айтқызбай біледі. Ақ сұңқар қаққызбай іледі.
3. Өтірік сөз-өрге баспас.

3-деңгей: Антоним сөздері бар мақал — мәтелдерді жазыңдар.

Кең дүниенің керегі жоқ, аяғындағы киімің тар болса.
Ащы мен тұщыны татқан білер, жақсы мен жаманды жортқан білер.

Ү. Қорытынды

— Мақал-мәтелдер туралы не білдік?
— мақал мен мәтел айырмашылығы?
— тәрбиелік мәні неде?
— мақал-мәтел сөздерінің орнын ауыстыруға бола ма?
Соңғы сұрақты оқушылар құрастырады.

ҮІ. Үйге тапсырма ереже, 128—жаттығу

ҮІІ. Бағалау

Категория: