Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Септіктер

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Жанбекова Дамежан Гомаровна учитель казахского языка и литературы, стаж 22 года, первая категория. КГУ «Средняя школа № 10 им. Н. К. Крупской», Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қыс мезгіліне деген түсінігін кеңейту, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін атап көрсету.

Сабақтың міндеттері: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру; «Қыс» тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру; әр жыл мезгілінің өзіндік қадір-қасиеті барын, пайдасын, ерекшелігін айтып түсіндіру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын түрлері, әңгімелесу.

Түрі: аралас

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындықты және оқушының жұмыс жүргізетін орынын тексеру. Сәлемдесу.

ІІ. Кезекшімен сұхбат

— Бүгін кім кезекші?

— Қазір қандай сабақ?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін нешесі?

— Қандай ай?

— Жылдың қай мезгілі?

— Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

ІІІ. Жаңа сабақ

— Ал, енді, тақтаға қарайық.

Тақтада қай мезгілдің көрінісін байқап тұрмыз?

Осы «Қыс» суреті бойынша әрқайсымыз бір сөйлемнен құрастырып шығайық. (интерактивті тақтада жұмыс)

Кластер толтыру

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Септіктер

ІV. Сөздік жұмысы

Қалың — густой, плотный
Аяз — мороз
Сырғанау, тебу — кататься
Шаңғы — лыжи
Тон — шуба
Боран соғады — метет метель
Суытады — похолодает

А) оқып шығу
Ә) оқушыларға оқытқызу
Б) сөз тіркесін жасап, қай сөз табынан екенін анықтайық

V. Мәтінмен жұмыс (оқып көрсету, оқушыларға оқыту, сұрақ дайындау)

Қыс

Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қыс желтоқсан айынан басталады, ол жылдың соңғы айы. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні осы айда болады. Бұл мезгілде жиі-жиі қар жауады, боран соғады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Өзен, көлдердің бетіне тұрған мұз қалыңдайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыс өте жақсы жыл мезгілі.

— Енді, қазір үш қатарға мынадай тапсырма бар:

А). Сөйлем құрап үйрен.

1. Қыс.
2. Қыс-----------.
3. ---------қыс ----------.
4. ----------- қыс----------- ----------.

Ә) Сөйлемдерді дұрыс құрап жаз.
Б) Қыс мерекелері туралы айтып бер.
В) Қыс сөзін септе.

VІ.Сюжетті суретке қарап сурет мазмұнына лайық шағын әңгіме құрастыру

Г) Жұмбақты шеш.

Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.

Тоңғақты таниды,
Беті қолын қариды.

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым

Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Қанаты жоқ,
Ұшады.
Аузы жоқ,
Ұлиды.

Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп ағады
.

VІІ. Сабақты бекіту

Ойын «Суреттерді жинайық» (интерактивті тақтамен жұмыс)

Шарты: суреттердің артында тапсырмаларды орындай отырып, неғұрлым көп жинау керек.

VІІІ.Үй жұ мысы:

«Қыс» тақырыбына шағын шығарма жазу

Категория: