Девятый международный творческий конкурс «Зимние забавы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Күй шешені — Қазанғап»

Девятый международный творческий конкурс «Зимние забавы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Баймагамбетова Шамшырак Утегеновна, музыка пәні мұғалімі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы, № 99 орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Күй шешені — Қазанғап
Музыка тыңдау — «Көкіл» Қазанғап
Үйретілетін ән — «Гүлдерайым» Халық әні
Музыка сауаты — Тартыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға күй шешені Қазанғап Тілепбергенұлы шығармашылығымен таныстыру.Қазақтың күйші-композиторы Қазанғаптың «Көкіл» күйін тыңдату арқылы күйдің мазмұнын түсіндіру, күй тартыс музыкалық сөздігіне түсінік беру. Халық әні «Гүлдерайым» әнін үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар күй шығармаларын тыңдай және мазмұнын түсіне білуге тәрбиелеу. Оларды өнерлі болуға , өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу, баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың күй өнеріне қызығушылығын ояту. Олардың ән-күй тыңдау арқылы сезімталдығын арттыру,есте сақтау, ойлау, ести білу, қиялдау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, Семантикалық карта, «Бірін-бірі» бағалау, «Бірін-бірі оқыту», сәйкестендіру кестесі, «Елес жетелеу», ассосация әдісі .

Сабақтың көрнекілігі: Қазанғап Тілепбергенұлы портреті. Тақырыптық суреттер, семантикалық карта, «Сәйкестендіру» кестесі,композиторлар портреті.

Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Әнмен сәлемдесу:

Оқушылар:

«Саламатсыз ба, ұстазым,
Өнер-білімге құштармыз біз».

Мұғалім:

«Сәлематсыз ба, балалар,
Ұстаз еңбегін бағалар».

2. Шаттық шеңберін құру. (топқа бөліну)

1-топ: «Әншілер» 2-топ: «Бишілер» 3-топ: «Күйшілер»

Дауыс алыптастыру жаттығуын орындау: «С-dur» гаммасы. Стаккато, лигатто. Буындармен орындау. «А, о, и, у, ля, м»

Үй тапсырмасын сұрау. «Жасырын сұрақтар»

1. Дәулеткерей Шығайұлы кім?
2. Дәулеткерейдің күйлерін ата
3. Дәулеткерей кіммен кездесті?
4. Дәулеткерейдің Құрманғазымен кездескендегі тартқан күйін ата.
5. "Төкпе күй«дегеніміз не?
6. «Шертпе күй» дегеніміз не?
7. Ә.Еспаев «Қошақаным қайда екен»? әнін — орындау.

3. Өткен сабақты пысықтау. Ой қозғау

4. Жаңа сабақ Күй шешені — Қазанғап

1. Оқулықпен жұмыс. «Бірін-бірі оқыту» әдісімен жұмыс.
Әңгімеде кім туралы айтылған?
2. Қазанғап кімнің аулына қонаққа келеді?
3. Оны кім қарсы алды?
4. Оның көзі неге түсіп, неге қызықты?
5. Ол не деп өтініш сұрады?
6. Қазанғап домбыраны қолына алғанда үйге кім кірді?
7. Ол неге ашуланды?
8. Үсен төре Қазанғаптан не сұрады?
9. Қазанғаптың тартқан күйі не деп аталады?
10. Үсен төренің жауабы.

Біліп аламыз! Қазанғап Тілепбергенұлы

Музыка тыңдайық!

Қазанғаптың күйі «Көкіл». «Елес жетелеу» әдісімен жұмыс.

1.Күйдің көңіл-күйін анықтау.

Сергіту сәті: «Алағашқы қоңырау» Ж.Еңсепов-орындау.

Ән орындайық! Гүлдерайым

Халық әні
Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан дауысым,
Жетсе екнке құлағына қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау,Гүлдерайым, Күн мен айым,
Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын.

Жаз шықты жадыратып мамыр айын,
Әніне шырқай кетті гүлдерайым.
Шығады ащы дауысым әнге салсам,
Қарағым, сені есіме алған сайын.
Қайырмасы:

Музыка сауаттылығы:

Тартыс — екі домбырашының бір-бірімен күй жарысы.

Күй тартыс халық арасында кең тараған өнер түрі. Күй тартыстар үлкен мерекелерде, тойларда орындалатын болған.Сондай-ақ атақты күйшілер кездескенде бір-бірімен тәжірибе алмастыру үшін де күй тартысқа түсетін болған.

Мысалы; Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы күй тартыс. Дәулеткерей жаңадан «Бұлбұл» күйін тартады, оған жауап ретінде ұқсастырып сол жерде Құрманғазы «Бұлбұлдың құрғыры» атты күйін тартып береді.

Жаңа сабақты бекіту: топтық жұмыс Ой қозғау
«Сәйкесін тап»

1-топ: Суретке қарап күйлерді ата. (оқулықпен жұмыс)
1. «Көкіл» 2. «Қосалқа» 3. «Қайран шешем»

2-топ: Күйші -композитор мен күйлерін сәйкестендір.

Дәулеткерей

«Қайран шешем»

Құрманғазы

«Көкіл»

Тәттімбет

«Қосалқа»

Қазанғап

«Сарыжайлау»

3-топ: Күйші- композиторларды ата
(Суретке қарап композиторларды атау)

Қорытынды: Семантикалық картамен жұмыс

Сұрақтар

Қазанғап

«Көкіл»

Үсен төре

Күй жарысы

«Қосалқа»

Қазанғап кімнің ауылына келеді?

 

 

 

 

 

Дәулеткерейдің келініне арнаған күйі

 

 

 

 

 

 

Қазанғап қандай күй тартады?

 

 

 

 

 

«Тартыс» дегеніміз не?

 

 

 

 

 

Қазақтың күй шешені

 

 

 

 

 

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы

1-топ--- 2-топты: 2 — топ ----3-топты, 3-топ----1-топты бағалайды. Сабақ барысында жауап берген оқушыларға «домбыра аспабының суретін тарату. «Домбыра» суретін кім көп жинаса- көп — «5» баға,орташа — «4» баға,аз — «3» бағамен бағаланады.

Үйге тапсырма:
«Күй шешені - Қазанғап» тақырыбын түсініп оқу.
Халық әні «Гүлдерайым» жаттау
Музыкалық сөздікті жаттау.

Категория: