Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың әнші-ақындары

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ормамбекова Асель Кайратовна учитель казахского языка и литературы ГУ «Средняя школа № 6 отдела образования акимата города Костаная», Костанайской обл, города Костаная

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың әнші-ақындары

Сынып: 7

Пән: қазақ тілі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қазақ халқының дарынды әнші, сазгерлері туралы алған білімдерін қорыту.
б) дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту, есту, көру, тыңдау, дамыту.
в) тәрбиелік: оқушылардың өнерге сонымен бірге қазақ әншілерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Әдіс — тәсілдер: қайталау, сұрақ — жауап, түсіндіру, оқыту, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, қазақ әдебиеті.

Көрнекіліктер: оқулық, қазақ әншілердің портреттері, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу, түгелдеу.
б) кезекшімен сұхбат.
в) сабаққа даярлықтарын қадағалау.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Мұғалім кіріспе сөзі:

— Балалар, біз сіздермен қазақ халқының белгілі әншілерімізбен таныспыз. Бүгін осы сабағымызды қорытындылаймыз. Біздің сабақ жарыс түрінде өтеді.

Үш топ жарысады:

1) Ақан сері Қорамсаұлы
2) Біржан сал Қожағұлұлы
3) Жаяу Мұса Байжанұлы

Сабақ барысында сіздердің жұмыстарыңды әділқазылар бағалайды. Әділқазыларды таныстыру.

1 — тур. Кестеде берілген қатардан мағынасына қарай сөйлем құру.

Ән

тартамын

Күй

сөзі керемет

Халық әнін

қол соқты

Терме

риза болды

Қазақша әннің

айта аласың ба?

Көрермендер

жақсы көремін

Халық

әндер бар

Эстрадалық

тыңдаймын

 

2 — тур. Берілген тірек сызба бойынша қосымша мәліметтерді қатыстырып, мәтін құраңдар.

Қазақтың әнші — ақындары

Ақан сері Қорамсаұлы Біржан сал Қожағұлұлы Жаяу Мұса Байжанұлы

Шығармалары

«Ақтоты», «Сырымбет» «Ғашығым», «Жанбота» «Ақсиса», «Шолпан»

3 — тур: Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп оқимыз.

4 — тур. Оқушыларға үй жұмысы берілген. Әр топ өз әнші туралы толығырақ мағлұмат беру керек, немесе презентациясын жасау.

5 — тур. Сұрақтарға жауап беру арқылы өзара диалог құрастыру.

1. Сен қандай халық әндерін ұнатасын?
2. Халық әндерін қандай ғалымдар зерттеген?
3. Көп тараған халық әндерінен қайсысын білесің?
4. Халық әндері қандай тақырыптарда жазылған?
5. Халық әндері адамды неге тәрбиелейді?

6 — тур. Өнер туралы мақал — мәтелдер айтудан жарыс. Орыс тілінде баламасын бірге айту.

ІV. Бекіту:

1. Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Мұса Байжанұлы олар кімдер?
2. Қандай шығармаларды білесің?
3. Сен қазақ әндерінің қай түрін жақсы көресің?
4. Қазақ әндерінің қайсысын айтқын келеді?
5. Халық әндері көбіне қандай музыкалық аспаппен айтылып жүр?

V. Оқушыларды бағалау: Әділқазы жеңімпаз топты анықтайды.

VІ. Қорытынды:

— Бүгін сабақты қорытайық, өздерінің әрбір қазақтың әнші-ақындары жеке тоқталып, толығырақ мағлұмат бердіңдер.

VІІ. Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, баға қою.

VІІІ. Үйге тапсырма: «Қазақтың әнші-ақындары» эссе жазу

Қоштасу: — Сау болыңдар!

Категория: