Четвертый международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері

Четвертый международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежьяя
 

Версия для печатиВерсия для печати
Петропавл қаласы «Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп» жеке меншік мекемесінің I санатты қазақ тілі мұғалімі Ислямова Шайзат Қабешқызы Ислямова Ш.Қ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақстанның жері жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, жазық, ойпат жерлерін айқындау;
  2. Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ой — өрісін кеңейту;
  3. Тәрбиелік: оқушылардың білім алуға құштарлығын, ізденімпаздығын қалыптастыру;

«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас».

Сабақ түрі: топтық жұмыс

Сабақ әдісі: сұрақ — жауап, талдау, карта және мәтінмен жұмыс.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау;

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Деңгейлер бойынша сұрақтар:

III деңгей — ҚР шекарасының ұзындығы (картадан көрсету)
II деңгей — ҚР шектес мемлекеттер (картадан көрсету)
I деңгей — ҚР ірі мемлекет екенін дәлелдеу;

III. Сабақтың оқу — тәрбие мақсаттарын және жоспарын хабарлау

Міндеті:

  1. Түсінік деңгейлерін арттыру;
  2. Тірек сызбасын түсіндіру;
  3. Төрт сөйлеу әрекетін іске асыру, жаңа мәлімет беру;

IV. Мәтінмен жұмыс: мәтінді тыңдау, түсінгендерін тексеру

Қазақстан жері.

Қазақстанның жер бедері алуан түрлі. Онда жазықтар, биіктігі орташа және биік таулы аудандар кездеседі. Ойпатты жерлеріне жататындар: Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір жазығы. Жазық жерлер еліміздің көп бөлігін алып жатыр. Көтеріңкі биік жерлерінде қыраттар мен үстірттер: Бетпақ Дала, Жалпы Сырт орналасқан. Ұлан — байтақ жеріміздің 40 пайызы — өзен, көл, теңіз, ал 10 пайызы таулы жер. Еліміздің жер көлемінің үлкендігі, бедері алуан түрлілігі Қазақстан жерінің ерекшелігі.

Мәтінге арналған сөздік:

Бедер — рельеф

Алуан — множество

Ұлан — байтақ — обширная

Қырат — возвышенность

Жазық — равнина

Ойпат — низменность

1) Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Қазақстанның жер бедері қандай?
  2. Еліміздің жері қандай?
  3. Қандай ойпаттар, қыраттар орналасқан?

2) Сөздік жұмыс:

  • жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгеру;
  • жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
  • сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру;

3) Сөйлесу: мәтін бойынша бір — біріне сұрақ қою;

4) Оқу:

  • мәтінді оқыту;
  • не түсінгендерін тірек — сызба бойынша айтқызу;
ҚР жері

5) Жазу: бір — біріне диктант жазғызу;

6) Бос орындарды толтырыңыз:

Менің туған жерім

Сенің _________

Сіздің ___________

Оның ___________

 Біздің ____________

 Сендердің _________

 Сіздердің _________

 Олардың __________

 

V. Сабақты пысықтау:

  Жаңа тақырып мәтіннен кейінгі сұрақтар арқылы бекітіледі

VI. Сабақ қорытындысы: Диктантты бағалау

Категория: