Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Қарсы мәндес сын есім»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Көкалажар орта мектебі Сулейменова Қарлығаш Қарабайқызы Бастауыш сынып мұғалімі, бірінші санаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
Дамытушылық: Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Көрнекілік: кестелер, интербелсенді тақта, оқулық, ватман, кеспе қағаздар, бояулар, бағалау парағы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен, жұппен жұмыс, сұрақ-жауап, «Ыстық орындық» әдісі, АКТ, СКТ

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

Сәлеметсіңдер ме балалар
Сейсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын,
Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік баға болсын.

ә) Топқа бөлу

Дара және күрделі сын есімнің сөздері арқылы топқа бөлінеді.

Мысалы: 1-топқа: сары, қызыл, көк, жасыл.

2-топқа: сары ала, күрең қызыл, ақшыл көк, жап-жасыл.

(сөздер бойынша балаларды топтастырып отырғызу)

Үй тапсырмасын тексеру:

а) Әр топ берілген жаттығулардың орындалуын баяндайды.

Жаңа сабақ: Ой қозғау (интербелсенді тақтамен жұмыс)

Тақтадағы сөздерді флипчарт арқылы сәйкестендіру.

Осыдан қортынды шығару.

Оқулықпен жұмыс:

1-топ: 1-жаттығу. Өлеңді оқу, ұйқасын табу. Қарсы мәндес сөздерді дәптерге теріп жазу.
2-топ: 2-жаттығу. Сөздерді оқып, қарсы мәндес сөздерді жұптап жазу.
3-топ: 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қарсы мәндес сөздерді қойып жазу.

Жеке жұмыс: Таныстырылымдағы сурет арқылы құрамында қарсы мәндес сын есімі бар әңгіме құрастыру.

Сергіту сәті: «Жауын» тренингі

Жұппен жұмыс: Жұппен отырған оқушылар бір-біріне қарсы мәндес сөздер айтады.

Мысалы: ыстық-суық, ұзын-қысқа

Топпен жұмыс: Үш тақырыпта постерлер жасап қорғау.

1 топ-«Жаңбыр алдында»
2 топ-«Жаңбыр болып жатқанда»
3 топ-«Жаңбырдан кейін»

Қорытынды бөлім:

Сын есім тақырыбына кластер құру

Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 133-бет ереже жаттау.

Рефлексия: «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақта алған білімдерін ортаға салады.

Бағалау: Бағалау парақтары

Оқушының аты-жөні

өзін-өзі

жұппен

топпен

Қорт.

 

 

 

 

 

 

Категория: