IX международный творческий конкурс «Поклонимся Великим тем годам!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек. Мамандықтар»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Жомартов Берік Базарбайұлы қазақ тілі мұғалімі «Дашко-Николаевка негізгі мектебі» кмм Дашко-Николаевка селосы, Тайынша ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы

Жомартов Б.Б.

7 сынып

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Мамандық» тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау.
  • Дамытушылық: оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру.
  • Тәрбиелік: қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мамандарды сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, салыстыру

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, сызбалар, карточкалар, мақал-мәтелдер

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

Сыныпты екі топқа боліп, топ басшыларын тағайындау.

Мұғалімдер тобы:
Қаламдай мені ұштадың,
Үлгілі істі нұсқадың.
Ақкөңіл, ізгі қамқоршым,
Ақылшым, асыл ұстазым.
Ашып тұр Отан құшағын,
Алғыспен оны құшамын.
Ұстазым, маған сене бер,
Биікке талмай ұшамын.

Дәрігерлер тобы:
Ақ желеңді киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім өте сүйемін.
Дәрігермін, мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
Көп-көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең деймін.

II. Үй жұмысын тексеру

1. 2 сөзге фонетикалық талдау жасау;

2. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру:

— Сендер қай Республикада тұрасыңдар?

— Қазақстанның астанасы қай қала?

— Қазақстанның қай қалаларын білесіңдер?

III. Сайысты бастау

Сұраққа дұрыс жауап берген, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға жетон беріледі

1. Енді сендер сиқырлы тапсырма орындайсыңдар. Тапсырма «Түсін мені» деп аталады.

А. — Балалар, мен үлкен, 2 қабатты, әдемі ғимараттың ішінде тұрмын. Бұл ғимаратқа сендер білім алуға келесіңдер. Осында жұмыс істейтін адамдар ақылды, тәрбиелі адамдар. Ол қаңдай ғимарат? Онда кімдер жұмыс істейді? /Мектеп — мұғалімдер/

Ә. — Келесі ғимаратта адамдар денсаулығын тексертеді. Онда жұмыс істейтін адамдар білімді, мейірімді. Олар адамды емдейді. Ол қандай ғимарат? Онда кімдер жұмыс істейді?
/Аурухана — дәрігерлер/

Б. — Келесі ғимаратта адамдар тәтті тағамдар пісіреді. Онда адамдар жұмыстан кейін тамақтануға барады. Ол қандай ғимарат? Онда кім жұмыс істейді?
/Асхана — аспаз/

В. — Келесі ғимаратта адамдар нан, тоқаштар пісіреді. Ондағы нан дүкенге түседі. Ол қандай ғимарат? Онда кім жұмыс істейді?
/Наубайхана — наубайшы/

Г. — Келесі ғимаратта азық-түлік, киімдер сатады. Онда біз нан, сүт, шұжык сатып аламыз. Ол қандай ғимарат? Онда кім жұмыс істейді?
/Дүкен — сатушы/

Д. — Келесі ғимаратта біз кітап оқимыз. Бұл ғимарат кітапқа өте бай. Онда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кітаптар көп. Ол қандай ғимарат? Онда кім жұмыс істейді?
/Кітапхана — кітапханашы/

2. Келесі ойынымыз «Сиқырлы гүл» деп аталады. Әр топтағы оқушы гүлдін жапырақтарындағы сұрақтарға жауап береді.

Кім {

балық аулайды?
үй салады?
машина жүргізеді?
киім тігеді?
сурет салады?
егін егеді?
шаш қияды?
жер жыртады?

 

3. Бұл тапсырмадағы берілген мамандықтарға-шы, -ші жұрнақтарын жалғап жаз.

1 топ: 2 топ:

сату...

наубай...

комбайн...

тігін...

 трактор...

егін...

жүргізу...

 балық...

IV. Сергіту сәті /Қара жорға биі/

4. Диалогты сурет бойынша толықтыру

1 топ: 2 топ:
—     Мынау кім?
—     ...
—     Ол қайда жұмыс істейді?
—     ...
—     Дүкенде не сатады?
—     ...
—     Дүкен қай көшеде?
—     ...
—  Мынау кім?
—  ...
—  Ол қайда жұмыс істейді?    
—  ...
—  Мектепте не істейді?
—  ...
—  Мектеп қай көшеде?
—  ...

 

5. Келесі ойынымыз «Құрылысшы» деп аталады. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру керек.

 

1 топ: 2 топ:

1.Мен отырмын сабақта

2.Жаңа жаздық бүгін сөздерді

3.Кітап ол қызық оқыды

 1.Дүкенге бардым мен

 2.Нан дүкенде алдым сатып

 3.Жұмсақ нан өте

6. Постер жасау /«Мұғалім», «Дәрігер» мамандықтарына сурет салу және постерді қорғау/

7. «Мамандықтар» сөзіне математикалық тәсілмен фонетикалық талдау жасау. Қай топ жылдам жасайды.

8. Үнтаспадан «Мамандықтар» туралы мәтін тыңдату.

Оны тақтада жүйелеу.

9. «Кім болғым келеді?»

Мен... болғым келеді.
армандаймын.
болғанды ұнатамын.

V. Үй тапсырмасы:

Мамандықтар бойынша шағын шығарма немесе диалог құру.

VI. Қорыту, бағалау:

Топтардың жетондарын санап, қөп жетоны бар топ және оқушы жақсы баға алады.

Категория: