Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бәйтерек — елімнің бақытты болашағы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Рахметова Гүлбану Жалғасбаевна учитель музыки и казахского языка Пригородной средней школы г. Актобе

Фото с сайта photos.wikimapia.org

3-класс

Музыка сауаттылығы: Екпін. Музыкалық бейне.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру. «Астана» қаласының бүгінгі жарқын болашағы жөнінде мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті: Туған жер, атамекеніне сүйіспеншілігін арттыру. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндіру, айтылуымен жұмыс жасау

Көрнекіліктер: баян аспабы, түрлі-түсті стикерлер, посторлар, интерактивті тақта, баннер, бейне баян.

Психологиялық тренинг: «Менің көңіл-күйім» белгілеу. (Оқушылар смаилик бойынша өз көңіл-қүйлерін белгілейді)

Шеңберге тұрып, ақ қағазға өз бойларындағы жағымсыз энергиядан арылу арқылы, қағазды умаждап алысқа лақтырамыз. Яғни сабаққа жаңадан психологиялық қалыптастыру ұйымдастырылды.

Сабақтың барысы: Топқа бөлу: «Бәйтерек», «Астана» (екі түсті қима қағаз арқылы топқа бөлу)

Үй тапсырмасын бекіту: (Ортада шеңбер құру арқылы музыка әуенімен билеу және қорапшадан сұрақ алу, музыка тоқтағанда қорапша кімде қалса, сол оқушы үй тапсырмасынан дайындалған сұраққа жауап береді.) Би «Қара жорға»

— Енді қолымызға алған түсті қима қағаздар бойынша өз тобымызға жайғасамыз.

Қане, енді назарымызды интерактивтивті тақтаға аударайық. (Астана қаласының ірге тасының қаланған уақытынан бастап,бейне баян арқылы қазіргі кездегі жетістіктеріне дейін көрсете отырып тақырыпты ашу.)

— Әрине балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын біз аша алдық. Солай ма? «Бәйтерек — елімнің бақытты болашағы» — деп аталады екен.

Ой шақыру:
Сен Астана қаласында болдың ба?
Қалада қандай көрікті жерлер бар?
Қандай ғимарат көрдің?

«Астанамыз» туралы ән шығарған біздің жерлесіміз, ақтөбелік әншіні білеміз бе?

— Қала Есіл өзенінің оң жағында, жазық жерде орналасқан. Негізі 1830 жылы қаланған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында қала атауы Целиноград болып өзгерді. 1994 жылы Ақмола аты қайтарылды. 1960-1990 жылдары аралығында қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс салалары өркен жайды.

1996 жылы 6-шілдеде Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдады.

Музыкалық екпін-итальия тілінен аударғанда «уақыт» дегенді білдіреді. Екпін деп музыкадағы шығарманы орындау кезіндегі жылдамдық қарқынын айтады. Музыкада музыкалық екпіннің үш түрі бар. Олар: жәй (lardo,lento, adagio) Орташа (andante, moderato) Жылдам (allegro, vivo, presto) Екпін музыкалық шығарманың көңіл- күйіне байланысты өзгеріп отырады.

Ән үйрету: Қ.Айтбаев «Астана вальсі» (Айтбаевтар туралы шағын мәлімет беріледі және ән ақ қағазға жазылып таратып беріледі)

Шығармашылық жұмыс:

1-топ «Астана» тақырыбына ассоцияция жасайды.
2-топ «Бәйтерек» тақырыбына (көзбен көру айғақтары бойынша) постор дайындайды.

Сабақты бекіту: «Кубизм» лақтыру арқылы.

1. Бәйтерек туралы қандай әндер білеміз?

2. Әннің екпіні қандай?

3. Екпін итальиян тілінде нені білдіреді?

4. Ақмола негізі қай жылы қаланды?

5. Астананың бұрынғы атауы?

6. Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қай жылы қабылданды?

Сабақтан алған әсерім: Екі жұлдыз, бір тілек. (Ағашты гүлдендіру.)

Бағалау:

Категория: