Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы екі саннан құралған 14 санының құрамы және соған сәйкес қосу және азайту амалдары
Кожахметова Зауре Оразхановна, бастауыш сынып мұғалімі, бірінші санатты мұғалім, Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебі, СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы |

Сабақтың мақсаты: Жауабы 14 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік «Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау қосу және азайту» тақырыбы бойынша білімдерін жинақтау,бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,есте сақтау,ой-өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік:Оқушылардың белсенділігін арттыру,өз бетінше оқуға,ізденуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,есептер шығаруда топпен және жеке оқушымен жұмыс,әр түрлі тапсырмалар.
Сабақта қолданылған модульдер:
1.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
2.АКТ
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың барлықтарына көз жүгіртіп шығып,балалардың назарын сабаққа аударту.
2. Тірек білімдерін жетілдіру: жауабы 11, 12, 13 болатын бірнеше өрнек құру.Оқушыларды топқа бөліп,өрнекті тез және дұрыс жағынан жарысқа қатыстыру.
3. Жаңа сабақ

Тақтаға 11 — 14 сандарының құрамы немесе жауабы 11-14 болатын қосу кестесі ілінеді.
4. Оқулықпен жұмыс
№ 2. Бөліктер бойынша қоса отырып есепте және тексер:
14-7 6+8 14-9
14-5 9+5 5+9
5. Сергіту сәті: бейнетаспа (жаттығу орындау)
6. Топ бойынша жұмыс: есеп № 4 (1 топ-а, 2 топ-ә, 3 топ — есеп құрастыру)
А) Болды-?см,
Алды-5см
Қалды-9см
Шешуі: 5+9=14 (см)
Жауабы: Ағаш кеспектің ұзындығы 14 см болды.
ә) Ісынып-8 сурет
ІІ сынып-14 сурет ? неше артық
Шешуі: 14-8=6 (сурет)
Жауабы: ІІ сынып 6 сурет артық жіберді
Б) Болды —? кг
Сатылды — 8 кг алма
Қалды — 6 кг алма
Шешуі: 8+6=14 (кг)
Жауабы: 14 кг алма болды
7. Білімдерін бекіту
Есептің шешуіне өрнек таңда: Бақтан 14 тостаған таңқурай мен қарақат жиналды. Оның 6 тостағаны — таңқурай. Неше тостаған қарақат жиналды?
14-6 14+6
8. Үйге тапсырма беру: 36 бет, № 5, № 6.
14 санының құрамына өрнек құрастыру
9. Кері байланыс: стикерге сабақ туралы пікір жазу
- 16123 просмотра