Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев — ұлы ақын. Өлеңдері мен аудармалары

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Абдыкадырова Сауленкул Беркеновна, учитель казахского языка и литературы, стаж: 32 года, категория: первая. КГУ «Колледж сферы обслуживания города Петропавловска» Северо-Казахстанкая область, г. Петропавловск

Абдыкадырова Сауленкул Беркеновна

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өзбетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу

Сабақтың негізгі ұғымдары: ойлау, іскерлік, тапқырлық, эстетикалық мәдениет, елжандық, азаматтық тәрбие.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқыту, ұғындыру, шешімін іздеу, ізденіс жұмысын жүргізу.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі география.

Сабақта қолданылатын көрнекілік: Абайдың портреті, сөзжұмбақ, тірек сызбасы, хронологиялық кесте, инсерт стратегиясы, бағалау парағы.

Слайд

1. Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай — қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны.
Федерико майор, ақын, ЮНЕСКО-ның бас директоры
2. Абай — қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
Мұхтар Әуезов

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев туралы және Абайдың өлеңдер мен қара сөздері туралы әңгімелейміз.

Жаңа сабағымызды бастамастан бұрын, біз үйге берілген тапсырманы қайталап өтеміз:

  • Өткен тақырып қалай аталады? Кім туралы оқып, білдік?
  • Ыбырай Алтынсарин
  • Олай болса, үй тапсырмасын қайталаймыз. Осы мақсатта мынандай сұрақтарға жауап береміз:

Слайд:

І. Ыбырай Алтынсариннің суреті

ІІ. Сұрақтар:

1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
2. Ыбырай Алтынсарин кім?
3. Ыбырай неше жасында мектепке барады және қай қалада?
4. Өмірлік жолы. Атап өтеміз.
5. «Қазақ хрестоматиясын» қандай мақсатпен құрастырды?
6. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
7. Ыбырайдың әңгімелерін атаңдар
8. Неге Ыбырай Алтынсаринді «балалар әдебиетінің атасы» дейміз?

Сонымен, балалар, Ыбырайдың әдеби шығармалары түгелдей жуық балаларға арналған.

Шығарманың баланы қызықтыратын оқиғалы болуына, қысқа, тартымды жазылуына мән берген. Ыбырай балаларға таза ана тілін үйретуге мақсат етті.

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, ағартушы ақын, тамаша қаламгер.

Ыбырай Алтынсарин балаларды оқуға, білім алуға шақырды.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін тізбектеп айтып шығу.

Міне, балалар біз ұлы данышпан, ғұлама адамдарымыздың бірі Абырай Алтынсарин туралы көп мағлұмат алдық. Енді бүгін ұлылардың ұлысы Абай Құнанбаев туралы білетін боламыз.

Слайд:

Абай портреттері

Абай Құнанбаевты «Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған. Шынында да, Абай — қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын.

Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Ол адал еңбекке, жамандық жасамауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады. Абай Құнанбаевтың еңбегі туралы тынымсыз айта беруге болады. Бүгінгі сабағымызды мынандай жоспар бойынша жүргіземіз.

Слайд:

 

1. Абайдың өмірі.
2. Аталарындай атақты болсын
3. Әкенің саясы, ананың аясында
4. Алғашқы алыс жолға шығуы
5. Әке нұсқаған жолменен
6. Оқу мен өлең соңында

Оқушылар әр тарауды мәнерлеп оқып, тақырыптың мағынасын түсіндіреді.

Мәнерлеп жатқа бірнеше өлеңін айту.

Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар.

Слайд:

Тақырыпты қайталап көрсету.

Дәптерге мына сөйлемді көшіріп жазыңдар:

Абай Құнанбаев — қазақтың бас ақыны деп бағаланады.

Ол қазақтың қоғамдық өмірінің шындығын терең де көркем бейнелеген.
Балалар, Абай Құнанбаев өзінің өмірінің соңғы жылдарында өзін толғандыратын мәселелерді қара сөзбен (проза) қағазға түсіріп отыруды дағды еткен. Ол жөнінде өзі «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын» дейді. Қара сөздері нөмірленіп, бірінші, екінші т. с. аталады, ұзын саны — 45. Соның ішінен біз отыз сегізінші сөзге тоқталайық.

Слайд:

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашу керек:

Бірінші — надандық
Екінші — еріншектік
Үшінші — залымдық

Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде білімсіз еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіз хайуандық болады.

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік.

Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

Сөздік жұмыс:

Мына сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркесін құру

Ұлы ақын —
Кемеңгер —
Мәртебе —
Оқымысты —

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта Абай туралы не білгенімізді қорытындылайық.

Слайд:

1. Абай кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның анасы қандай адам болған?
4. Абайды кім тәрбиеледі?
5. Абай қайда оқыды?
6. Абай нені үйренуге тырысады?
7. Неше жасында өлең жаза бастады?
8. Кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды?
9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Оның шығармалары қашан және қай жерде жарық көрді?
11. М.Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

Сабақты бекіту:

Инсерт таблицасын толтыру

Слайд

Не білемін

Не білгім келеді?

Нені білдім

 

 

 

Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына конспект жазып келу. «Жаз» өлеңін жаттау.

Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақты Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен аяқтаймыз

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сабырласып өзді өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі

Сөз айта алмай бөгеліп
Дүрсіл қағып жүреді
Тұрып еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақ тілі» — 10 сынып Т. Артықова
2. «Қазақ тілі» — Т. Тұрсынова
3. «Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ» — А. Құнанбаев
4. «Қазақ мақал мәтелдері» — М. Аққозин

Категория: