Тахтаброд орта мектебі, мұғалім: Мустафина Г.К. |
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Типі: аралас сабақ
Әдісі: «миға шабуыл», диалогтік тәсіл, АКТ, аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру, көрсету әдістері, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, ойын, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдттар, рефлексия парағы, ватмандар, фломастерлер, қима қағаздар, доп.
Ұжымдастыру формасы: топтық жұмыс
— Сыныпта кім кезекші?
— Сыныпта кім жоқ?
— Бүгін нешесі?
— Бүгін қай күн?
— Бүгін ауа-райы қандай?
— Ертең қандай болады деп ойлайсыңдар?
Мотивациялық қозғаушы: Қане қарап тұрмайық, шаттық шеңбер құрайық.
Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен бүгін келген қонақтарға иіліп салем береміз.
Қанатты сөз «Сусыз тіршілік жоқ» (интерактивті тақтада проекцияланады)
— Сөйлемді оқыңдар
— Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?
— Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?
— Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
— Тақырыбы «Сусыз тіршілік сөз».
А) Сөздіқ жұмысы.
— Ал енді жаңа сөздермен танысайық, сөздіқтерге жазыңыз.
Баға жетпес — бесценно;
Суару — поить;
Мал шаруашылығы — скотоводство;
Өнеркәсіп — промышленность;
Құдық — колодец;
Қатты қөніл бөлген — уделяют особое внимание;
Лайламау — не загрязнять;
Ластамау — не загрязнять;
Сабама — не бить;
Шошыту — пугать.
— Ал енді балалар, айтыңызшы су туралы не білесіңдер? Кластер толтыру.
— Балалар біз су туралы ырымдар, мақал-мәтелдер, тиым сөздер білетін едік қой. Қане, кім айтады?
— Суға түкірме.
— Түнде судың бетін ашық қалдыруға болмайды.
— Бұлақты жер, тұрақты жер.
— Сулы жер — нұрлы жер.
— Сусыз өмір тұссыз аспанмен тең.
— Су — дүниенің басы.
— Су — табиғат ажары.
— Су — тазалық досы.
— Сусыз өмір жоқ.
— Кірдің суын басуға болмайды. Барлық жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
Б) Ойын «Телефон» С показом слайда.
— Балалар судың сыбдырлаған дыбысы шығады, сендердің құлақтарыңа сыбырлап бір нәрсе айтып тұрғандай, қане, кімге не айтты екен тыңдайық.
— Біз не білдік?
— Балалар енді мәтінді оқыймыз.
— 1 топ тапсырмасы: мәтінді оқып, жаңа сөздерді жазып, мәтінді аударамыз.
— 2 топ тапсырмасы: мәтінді оқып, ол бойынша сұрақ құрастырамыз.
Су-тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін, ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез — келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао — Цзы жазған болатын.
— Ал енді балалар жаңа сөздермен сөйлемдерді құрастырып, сосын талдау жасаймыз. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді, аңықтаймыз.
— Алдарыңызда тұрған стикерлерге не түсінікті, не түсініксіз болды бүгінгі сабақта жазып, тақтаға смайликтардың астына жабыстырыңыз.
Судың да сұрауы бар.
Су қандай зат?
Оның пайдасы бар ма?
Оны босқа төгуге, бүлдіруге бола ма?
Судың қасиеттері қандай?
«Табиғаттағы су айналымы» тақырыбын оқу,
«Су-тіршілік көзі» тақырыбында сурет салу
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқандары үшін тілек жазылған су тамшысын таратып беру.