Седьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

Сабақ тақырыбы: Менің ойыншықтарым

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Қарағанды облысы, Балқаш қ. В. В. Маяковский атындағы
№ 17 жалпы білім беру Мемлекеттік мекемесі. Мұғалім: Ашембекова Гулнар, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

 Менің ойыншықтарым

Сабақ: Қазақ тілі

І. Сабақтың тақырыбы: Менің ойыншықтарым

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ойыншықтар туралы мәлімет беру. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту. Ойыншықтардың атауын дұрыс атап, глобальді оқыту дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру. Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Ойыншықтар арқылы дұрыс сөйлеп, өз бетімен ойлай білуге тәрбиелеу.

ІY. Көрнекіліктер: қуыршақ, суреттер, картинкалар (қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, көлік түрлері, робот және т. б.)

V. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу: Сәләматсыздар ма!
ә) Өткенді қайталау:

VІ. Жаңа сабақ барысы:

1. Тақырып бойынша сұхбат: Біз ойыншықтармен күнде ойнаймыз.

2. Қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар: қонжық, қоян, барыс, секіртпе, доп, құрастырғыш түрлерімен біз күнде ойнаймыз. Пазл жинау арқылы көру, қолдың қимыл қабілетін дамытып, тез ойлауға болады. Біз қуыршақпен ойнап, адамдармен достасу, күтіп ұстауға дағдыланамыз.

— Міне, көрдің бе, ойыншықтар бізге қалай көмектеседі, ойнаймыз, достасамыз, қимылдаймыз, секіреміз, жүгіреміз. Ойыншықтар бізге көмектеседі ма, балалар?

— Ия (балалар хормен).

4. Сергіту сәті:
Бала бала, балапан,
Биле, ойна, балақан.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Ашық болсын алақан.

5. Слайдпен жұмыс: «Менің ойыншықтарым»

6. Дидактикалық ойын: «Не артық?»

қуыршақ, қонжық, робот және көйлек;
алма және доп, құрастырғыш, пазл;
көлік және жүзім, көжек, қуыршақ.

7. Глобальді оқыту: Қуыршақ, қонжық, қоян, робот, көлікті көрсету, сөздерді табу.

Шағын тақпақтар жаттату:

Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

Вероника:
Ала добым аямай,
Ұрсам жерге өршиді.
Шығып кетіп қолымнан,
Паналады көрші үйді.

Леонид:
Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймайды.

8. Ұсақ моторикаға жаттығу: пазл жинау

9. Логоритмика:

Банан — банан,
Баян — баян.
Заяц — қоян,
Мушкетер — ноян,
Рак — шаян.

VІІ. Қорыту: Ойыншықтарды көрсет.

VІІІ. Үйге тапсырма беру: Үйде сөздерді қайталау.

Категория: