IX международный творческий конкурс «Поклонимся Великим тем годам!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Сабақ тақырыбы: «2 саны мен цифры»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

СҚО, Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебіндегі шағын орталықтың тәрбиешісі Сатубалдинова Гүлсара Тұрсынбекқызы

Білім беру саласы: Таным.

Сабақ бөлімі: Математика

Мақсаты: Балаларды 2 саны және цифрымен таныстыру. Геометриялық пішіндерді еске түсіру.

Көргенін суреттеп айта білу қабілетін, тілін, ой-өрісін дамыту. Қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бауырсақ суреті, жануарлардың суреттері, геометриялық пішіндер.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіз бе, Күн!
Сәлемет пе, Аспан!
Сәлеметсіз бе, Жер-Ана!
Сәлеметсіз бе, сен!
Сәлеметсіз бе, мен!

— Есік тықылдатады.

— Балалар, қараңдаршы бізге біреу хат беріп жіберіпті. Қасында қорапша бар.

— Қане, хатты оқып көрейікші не жазыпты.

— Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, қиындыққа тап болдым-деп жазыпты.

— Бұл кім болған екен. (Бауырсақ)

— Ал қорапшада не бар екен көрейік.

Қорапшаны ашып ішіндегі қарындашты алады.

— Балалар осы Қарындаш бауырсақты тауып алуға баратын жолды көрсетеді.

— Ал сендер бауырсаққа көмектесуге дайынсыңдар ма?

— Ендеше жолға аттанайық.

Көзімізді жұмайық (1-2-3 қоянның үйіне жеткіз)

— Сәлеметсіз бе, Қоян.

— Сіз білмейсіз бе, мына жерден бауырсақ өтті ме?

— Иә, өтті-деп қоян сыбырлайды.

— Бірақ сендер маған көмектесіңдер.

— Қоян бізге көмектеседі, бірақ біз де оған көмектесейік.

«Ғажайып дорба» Көкөністерді біртіндеп алып көрсетіп, 2 санымен таныстырады. Балаларға Қоян рахметін айтып, Бауырсақ қасқырға қарай кеткенін айтады.

— Алға! (1-2-3 қасқырдың үйіне жеткіз)

— Сәлеметсіз бе, құрметті Қасқыр!

— Біздің досымыз Бауырсақты кездестірген жоқсыз ба?

— Иә,сендердің достарың осында болды.

Қасқыр бізге көмектеседі, біз де қасқырға көмектесейік. Геометриялық пішіндерді атап айту. (үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш, сопақша)

— Балаларға Қасқыр рахметін айтып, Бауырсақ аюға қарай кеткенін айтады.

— Алға! (1-2-3 Аюдың үйіне жеткіз)

— Сәлеметсіз бе, Аю. Біздің досымыз бауырсақты кездестірген жоқсыз ба?

— Иә,кездестірдім. Ол менің кептіріп қойған пималарымды бәрін асығып жүріп шашып кетті. Енді жұптарын таба алмай отырмын. Маған көмектесіңдерші.

— Қане, балалар көмектесейік.

— Пиманың жұптарын табу

— Аю рахметін айтып балаларды түлкінің үйіне жібереді.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

— Алға! (1-2-3 Түлкінің үйіне жеткіз)

— Ах, сен қу Түлкі, бізден Бауырсақты тығып отырсың ба?

Бәрібір біз оны тауып алып, қиындықтан құтқарамыз.

— Ал, балалар онда сендер мына тапсырманы орындаңдар.

Балалар тапсырманы орындайды.

— Түлкі маған Бауырсақты қорапшалардың біреуіне тығып қойғанын айтты.

— Қай қорапшада екенін қарап көрейік.

— Сәлеметсің бе, Бауырсақ!

— Сені көп іздедік, бірнеше қиындықтардан өттік. Енді сен бізбен біргесің.

Қорытынды: Сабақты қорытындылау.

Балалар, сендер бауырсақты құтқардыңдар. Жарайсыңдар.

Біз не білдік? 2 саны және цифрымен таныстық. 2 саны-екі заттың санын білдіреді.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Категория: