Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Ойын сабағы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Амангелді орта мектебінің, Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Қожантаева А. Ж.

Ойын сабағы

4-сынып

Лексикалық тақырыбы: Ойын

Грамматикалық тақырыбы: Буын. Буын түрлері

Сабақтың мақсаты: сабақтың нақты лексикалық тақырыбына арналған сөздер туындысы маңында ауызша сөйлеуін жетілдіру, оған қойылатын талаптар: дұрыс, тиімді, керекті жерде қолдана білу. Буын және оның түрлері ажырата білуге.

Сабақтың міндеттері: үйрету

Білімділік — ойын тақырыбы бойынша сөйлеу қабілетін дамытып, сөз қорын болықтыру. Осы тақырыпқа арналған сөз тіркесі, сөйлем құрастыру іскерлігін қалыптастыру.

Дамытушылық: сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру арқылы ауызша сөйлеу әдетін дамыту.

Тәрбиелік: ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының әдет-ғұрпын түсінуге қызығушылық тудыру.

Көрнекілік: сөздер, сөздіктер, суреттер, магнит, кассета, асықтар, дойбы, плакаттар, үлестірмелі материал, доп.

Техникалық: магнитофон

Сабақтың типі: жаңа тақырып

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1) сұрақ-жауап әдісі
2) доп және үндемес ойыны арқылы жүргізілетін білім сайысы
3) схема арқылы буын түрлерін ажырату
4) «еңбек» туралы мақалдар айту (топпен)
5) орысшадан-қазақшаға аудару
6) тыңдау
7) қайталау
8) тест тапсырмалары

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлеметсіздер ме, балалар?

— Сәлеметсіз бе, мұғалім?

— Отырыңдар.

— Бүгін мен сандармен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бұрын қазақ балалары асық жинауға жарысатын. Кім көп асық жинайды. Кім жақсы жұмыс істейді, сол балаға мен мынадай асық беремін. Жақсы ма?

— Жақсы

— Балалар, сендерге ойын ойнау ұнай ма?

— Жауап

— Ал, еңбек ету ше?

— Сендер еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Үй тапсырмасы:

Балалар, тақтаға қараңдаршы, мынау не?

Суреттермен жұмыс: сыпыртқы, күрек, гүл, ағаш, шелек, үй.

Мынау қандай шелек?
Ал, мына суретте бала ағашты не істейді?
Бала ағашты екті.
Бала сыпыртқымен не істейді?
Бала сыпыртқымен сыпырды.
Еңбек еттік, енді демалайық. Сендер қалай демаласыңдар?

Лексикалық тақырыпты түсіндіру:
Каждый из вас проводит время по-разному, но больше всего вы любите играть.
Сендерде қандай ойыншықтар бар?
Сенде не бар?

Ал енді ойнайық «Күн, түн» ойыны. Күн — это день, түн  — это ночь. Когда я говорю «түн» глаза закрываете рукой и опускаете голову, а я в это время убираю какой-нибудь предмет. Если я говорю «күн», то поднимаете головы и отвечаете на вопрос: не жоқ?

— Қандай ойындар білесіңдер?

— Мында қарандаршы, мынау қандай ойын?

— Что это за игра? (догонялки, қуаласпақ)

— А это что за игра? (шашки — дойбы)

— Мынау қандай? (асық, что такое «асық» түсіндіру)

Ойна — играй
Ойнаймын — буду играть

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру:

А) ауызша. Буын-қазақ тілінде сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болды. Буын түрлері ашық-А-ВА, а-та; тұйық- АВ, ат, ет, ел; бітеу-ВАВ, мал, шаш.

— балалар, қарандаршы бұл сөздер жуан ба, жіңішке ме? (жауап). Мысалдарды дәптерлеріне жазу.

— енді буынға бөлейік, дәптерлеріңе жазыңдар.

Жасырынбақ, қуаласпақ, дойбы, асық.
Жа-сы-рын-бақ — ВА-ВА-ВАВ-ВАВ

Ал енді кассетадан сөздерді тыңдап, қайталаңдар. Енді буын түрлеріне ажыратыңдар.

Қазақ, сөз, ойыншық, ойын, шелек, шырша
Тағы сөздерді қайталап, аударайық

Сергіту сәті: (2 мин) Мен қоянмын, қоянмын
Барабанда ойнаймын

Трата-3 рет
Барабанда ойнаймын
Мен баламын, баламын
Далада доп ойнаймын.

— енді, сөз тіркесін құрап, буынға бөлейік, мына сөзде неше буын бар?

Мына сөзде неше буын бар?
Ақасық, екі дойбы, қуаласпақ,
ойна, жасырынбақ, ойнаймын,

— енді, сөйлем құрастырыңдар, дәптерлеріне жазыңдар.

Мен қуаласпақ ойнаймын
Сен қуаласпақ ойна

— енді орысшадан қазақшаға аударыңдар (доппен)

Я буду играть в мяч.
Я буду играть в асық
Ты играй с куклой

— Ал қазір біз «Кім ынталы» ойынын ойнаймыз. Поиграем в игру «Кто внимательный». Қазір диалог тыңдайсыңдар кассетадан, таныс сөздерді таб.

Енді кітаптын 71-бетін ашыңдар, диалогты бір рет оқыңдар, кітаппен жұмыс.

Ал енді кім маған мәнерлеп,әдемілеп оқып береді?

Енді доппен ойнайық.

Мен сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер.

— Сен ойнайсың ба?

— Мен ойнаймын

— Сен не ойнайсың?

— Мен доп ойнаймын.

— Саша, сен не ойнайсың?

— Мен қуаласпақ ойнаймын.

Бекіту: Балалар, тақтаға қарандаршы, мына сөздердің буындары ауысып кетіпті. Дұрыс сөздер құрайық. «Кім жылдам» деген ойынын ойнаймыз.

— Ал енді тест тапсырмаларын орындайық. Суретке қарап, атын жазып, буынға бөліп, түрін айыру. Тестті тексеріп, асықтар беру.

— Ал, енді балалар кім қанша асық жинады, санаңдар.

— Кім жинаса, сол өте жақсы істеді.

Үй тапсырмасы: 71-бет, жаңа сөздер. Мына сөздерді буынға бөліп, 2-сөйлем құрау, сыпыртқы, шелек.

Қорытындылау: Балалар, сендерге көп рахмет, жақсы жұмыс істетіңдер.

Тұрыңдар, сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.

Категория: