Наурыз көже дайындау
Наурыз көже Құрамы: сүр ет, сүрленген қазы, бидай жармасы, қарабидай жармасы, арпа жармасы, сұлы жармасы, күріш, сөк немесе, ақталған тары, қарақұмық жармасы, сүрленген құрт 1–2 түйір, сүзбе, қаймақ, айран, сүт, су. Жеті түрлі дәндерді есепке алып жасадым. Салқын суды қазанымызға құйып, сүрімізді салып, қайнатамыз. Көбігін алып, аса шыға қоймайды, отты, ақырындатып, 1–1,5 сағат қайнатамыз, піскен соң етті сорпадан шығарып алып, ұсақтап тураймыз. Сорпаға жуылған дән жармаларды, сүрленген құртымызды салып пісіреміз, жартылай піскенде үстіне сүт құйып, әбден пісіреміз. Отты сөндіріп, үстіне сүзбені, айранды құйып, жақсылап сапырамыз, ұсақталып туралған ет-қазыны салып, тағы сапырамыз. Астарыңыз дәмді.
- 7336 просмотров