Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Музыка мектебіне қабылдау салтанаты

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Икиманова Галия Маукеновна, I санатты «домбыра» сыныбының оқытушысы. ШҚО, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 1 Балалар музыка мектебі» КМҚК. 2014 ж. Директордың ТЖ орынбасары

Икиманова Галия Маукеновна

1 жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті ата-аналар және музыка мектебінің табалдырығын аттап отырған біздің болашақ жас музыканттарымыз! Балалар бүгінгі күн мерекелі күн, өйткені сендер 1-ші сыныбқа қабылданып ант беру рәсіміне ие боласыңдар. Мынандай әдемі, әсем әуенге толы ғимаратта музыка әлеміне саяхат жасап, небір әуезді де, әдемі әндермен күйлерді үйренесіңдер!

2 жүргізуші:
Қазақ деген туған елдің иесі
Қасиетті даламыздың киесі.
Бақ дарыған саған толқып домбыра,
Ақтарылам саған шалқып домбырам

1 жүргізуші: Ал енді біздің кішкентай достарымыз, мына музыкалық сәлем сендерге арналады.

1. Оқытушылардың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»

2 жүргізуші: Балалар кім музыканы жақсы көреді қолымызды көтерейік. Жарайсыңдар! Барлығымыз жақсы көреді екенбіз! Ал әдемі музыканы композиторлар жазады. Музыканы жазу үшін не керек, әрине скрипка кілтімен ноталар қажет. Қане алақанымызға қарайықшы неше саусағымыз бар? Әрине 5-саусақтан, ноталар 5 сызыққа жазылады.
(Нота тобын бастап скрипка кілті тұрады)

1 жүргізуші: Қараймын, ноталар тыпыршып орнындарында тұра алмай тұр, қане скрипка кілті команда бер!

Скрипка кілті: Ноталар сапқа тұрыңдар! (Ноталар жүгіріп шығып сапқа тұра қалады да өздерін таныстырады) До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си.

(До) Доп ойнаймыз
(Ре) Ресми түрде ант береміз!
(Ми) Миша аю ағамыз
(ФА) Кәдімгі фасоль
(Cоль) Сольді ұмытпа
(Ля) Ля-ля-ля деп ән саламыз
(Cи) Сирек тентек боламыз

1 жүргізуші: Қошеметтеп ноталарды шығарып салайық!

Скрипка кілті: Ноталар сапқа тұрыңдар! (Командамен кетеді)

2. Қобызшылар ансамблінің орындауында халық әні «Илигай»

2 жүргізуші: Ал енді балалар жұмбақтар шешейік!

1. Бір тиекке екі ішекті қондыра,
Біз ойнаймыз қолымызды талдыра.
Егер білсең айта қойшы балақан,
Бұл қай аспап? (Бұл-кәдімгі домбыра)
(2 жүргізуші аспаптарды көрсетіп тұрады)

3. Ішекке ысқыш тисе болды
Әлем сырлы әуенге толды. (қобыз)

4. Ансамбльге сылдырлап,
Қоңыраулатып үн қосты.
Тыңдаған жан елітіп,
Мейірлене қол соқты. (Асатаяқ)

5. Сызылған үні,
Әдемі тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)

3. Музыкалық сәлем «Вокалдық топ»

1 жүргізуші: Балалар орнымыздан тұрып денемізге арналған жаттығу ойынын ойнайық!

Ойын: Біз аяздан қорықпаймыз
Дала суық әрі жел соғып тұр,
Аулада балалар серуендеп жүр. /орнында жүру/
Алақандарын, қолдарын уқалайды,
Қолдарының жылынғанын қалайды. /алақан уқалайды/
Тоңбас үшін қолдарымыз,
Алақандарымызды шапалақтаймыз. /Ритмикалық шапалақ/
Міне осылай шапалақтаймыз,
Қолдарымызды жылытамыз!
Аяқтарымыз тоңбас үшін біз
Браз жерді топырлатамыз. /топылдату/
Міне былай топылдатамыз
Аяғымызды осылай жылытамыз.
Қорықпаймыз аяздан біз,
Бәріміз көңілді би билейміз,
Ешкімге дес бермейміз. /би қимылы/

4. күй «Жас қазақ»

5.Х. Тастанов «Би»

2 жүргізуші: Ал енді балалар ант беру кезегіде келіп жетті. Ант қабылдауға дайынбыз ба! Бәрекелді! Ендеше сахнаға 1-ші сынып оқушыларын шақырамыз! (Балалар түгелдей сахнаға шығады)

Сабақты жақсы оқуға! (Ант етеміз)
Ата-анамның тілін алуға (Ант етеміз)
Өз аспабымды жақсы көруге (Ант етеміз)
Үйге берген тапсырманы уақытында орындауға (Ант етеміз)
Шынайы достық тілекпен ант етеміз!

6. Музыкалық сәлем «Домбырашылар ансамблі»

1 жүргізуші: Құрметті балалар міне, бүгін сендер музыка мектебіне қабылдандыңдар. Құттықтаймыз! Болашақта сендерді сахна төрінен көрейік!
(Музыка ырғағымен силықтар таратылады.)

Категория: