Седьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

«Менің Отаным — Қазақстан» атты фестивальдің сценарийі

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Тулегенова Айгуль Сурагановна и Аблемова Шолпан Бахитовна учителя казахского языка и литературы Первого городского общеобразовательного лицея г. Петропавловска СКО

Менің Отаным - Қазақстан

Фонограмма

Ата-баба салтында
Фестиваль деген сайыс бар
Қатысады оған әр мектеп
Әзіл-қалжың қалпында

Ахау, досым айдай
Өнерпаздар қандай
Фестивальде өлең айтып
Жадыратшы жанымды-ай

Ау, халайық, халайық
Бар өнерге салайық
Бәрін тастап келгенімде
Орынсыз біз қайтпайық

Әзіл қазы айдай
Лицейістер қандай
Осындайда демеу беріп,
Жадыратшы жанымды-ай

Армысыздар, құрметті фестиваль қонақтары.

1. Өмірде жайнап гүліміз
Шарықтап әсем жырымыз
Фестивальдің таңы атта
Тойлаймыз жылда оны біз

2. Қош келдіңіздер мерекеге,
Мерекені бастайтын берекеге.
Өнерден біз қашпайық,
Ал, фестивальді бастайық.

3. Фестивальді ашайық, тойға шашу шашайық.

Барлығы: Той құтты болсын! (шашу шашылып жатқанда би биленеді)

«Домыра» биі.

4. Биылғы жыл — ерекше жыл. Өйткені 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күні.

5. Дұрыс айтасың. Бұл жыл ерекше, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойладық және де Лондондағы дүниежүзілік олимпиадада жетістіктерге жеттік.

Слайд иногурация

6. Халықтан дана туар,
Анадан алып туар.
Ел сыйлап қадірлеген,
Асыл жанды, ағалар.

(Әдемі әуен). Кішкентай бала жүгіріп шығады:

7. Сүйінші, халқым, сүйінші
Сүйіншіге — сүйінші!
Өмірге сәби келді
Шаттан, ата-бабам!

 Бір жақтан шал мен кемпір, екінші жақтан қайырлы болсын айтуға келген көршілер кіреді.
Құтты болсын.
1 ер б. Ассалаумағалейкум
2 ер б. Уағалейкумассалам
1 қыз б. Амансыздар ма. Қайырлы болсын!
1 ер б. Дүниеге келген нәрестенің бауы берік болсын.
3 қыз б. Елінің азаматы болсын. Нәрестеге ат қою үшін жиналдық. Қандай ойларыңыз бар.
Әр жерден әр түрлі ат айтқан дауыс шығады.
3 ер б. Жерімізді, елімізді қорғар батыр болсын. Елімізге нұрын төккен сұлтан болсын. Атын Нұрсұлтан деп қояйық.

Бәрі Дұрыс, дұрыс. Нұрсұлтан болсын.
Азан шақырып ат қояды

 8. Енді сәбиге бата берейік.

9. А, құдайым оңдасын!
Оңдағанның белгісі —
Қызыр бабаң қолдасын!
Сүйсінердей іс жасап,
Ел халқына тұмар бол!
Қиындықта сөз табар,
Жиреншедей шешен бол!
Жетпіс тілді меңгерген,
Фарабидей көсем бол!
Жапырағы жайқалған
Қарттарымдай есен бол!
Әумин!

Президент туралы слайд шолу, өлеңдер оқылады.
10. Нұр, аға президентім,
Халықтың қалаулысы.
Өлкемнің елеулісі,
Серік, аға біздің.

11. «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын» көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан, ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға.

12. Бүгінде Нұраға мақтанышым
Көк байрақ айбыным.
Береке тірегім
Бірлігім байлығым.

13. Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты өнерді жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге-де, өмірге-де көп көңіл бөлетін адам. «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

14. Мақтанышпен сезім билеп мені-де,
 Риза болам президенттің өзіне
 Басқа ел басшылары таң қалады,
 Келген кезде ұлы Қазақ жеріне.

15. Нұраға, Нұраға, Нұраға
Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Елімнің көк байрағын биік көтерген,
Сайыпқыраңдар олимпиададан орын алған.

16. «Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады» — демекші, елбасымыздың спорттың дамуына мол үлес қосуының арқасында кешегі күні, бүкіләлемдік олимпиадада Александар Винокуров, Серік Сапиев сынды ұл-қыздарымыздың арқасында Қазақстанның көк байрағы бірнеше мәрте көтеріліп, ел мерейін асқақтата түсті. 204 елдің ішінен 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, 12 орын иелендік. Сайыпқырандарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Слайд Олимпиада туралы ән, қыздар билейді.

17. Қазақстан,
Ел жоқ сенен асатын,
Біз боламыз саған үлес қосатын.
Ынтымағы, достығы жарасқан,
Алға!
Алға!
Қазақстан елі жасасын!

Слайд ассамблея

18. Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен
Қазақстан — ынтымақтың айғағы

19. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев біздің білім алып бақытты болуымызға барлық мүмкіндіктерді туғызып отыр. Келешекте біз өз Отанымызды сүйетін, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосатын ұл-қыздармыз. (бірге)

ән: «Достық»

Категория: