Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Әлемдік деңгейдегі әл-Фараби кітапханасы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
профессоры Ж. К. Ибраева
оқытушылары Г. С. Нәбиева, Қ. Жақсылыққызы

Әлемдік деңгейдегі әл-Фараби кітапханасы

Кітапханалар ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ордасы болып табылады. Технологиялар дамыған бүгінгі кезеңдегі цифрландыру нәтижесінде кітапханаға оқырманның баруы сирек жағдай екені жасырын емес. Бүгінгі таңда кітапханаларға қойылатын талаптар да аса жоғары. Кітапханалар оқырманға кітап ұсынумен қатар, олардың ізденісінің нәтижелі болуына жағдай жасай алу керек. Оқырманның сұранысын толықтай қанағаттандыра алатын әлемдік деңгейдегі озық кітапханалардың бірі деп «әл-Фараби кітапханасын» айта аламыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы университетпен бір уақытта құрылды. 2012 жылы кітапхана шығыс стилінің элементтерімен үйлесімді жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жабдықталған жалпы ауданы 17 856,6 м2 заманауи жаңа ғимаратқа көшті. Кітапхананың жаңа ғимараты ерекше бейнесімен көз тартады. Бүгінгі таңда ҚазҰУ кітапханасы Алматы шаһарының архитектуралық мақтаныштарының біріне айналуда.

Алатау бөктерінде орналасқан кітапханадан әрбір оқырман өзіне керек кітаптың барлығын табады. Кітап қоры 3 миллионға жуық. Кітапхана EBSCO, Springer, Elsevier мәліметтер базаларына, сондай-ақ Polpred толық мәтінді базасына, IPRbooks электронды кітапханалар жүйесіне, «Zaң — Zakon», «Эпиграф» отандық дерекқорларына жазылуға және әлемдегі ең ірі баспагерлердің электронды кітаптарына (EBooks) шектеусіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кітапхана аясында сирек кітаптар мен қолжазбалар және құнды басылымдар залы, Абай залы, Тұңғыш Президент залы, әлем елдерінің кітап бұрышы, Ғалымдар клубы, әл-Фараби орталығы, әл-Фараби мұражайы, көрме алаңы, 4 бірегей конференц-зал, оқырмандардың демалысына арналған коммуникациялық-релаксациялық аймақтар, 75 орындық асхана жұмыс жасайды. Кітапхана аумағында ғаламторға шығуға мүмкіндік жасалған және оқырмандар жеке ноутбуктарымен жұмыс істеуге арналған орындар қарастырылған.

Университет кітапханасының сайты мазмұны мен дизайны жағынан оқырман үшін ыңғайлы сервис. Сайттың басты бетінде «Бірінші курс студентіне» батырмасы орналастырылған. Арнайы батырма арқылы бірінші курс студенттері кітапхананы пайдалану ережелерімен, нақтылап айтар болсақ, абонементтен кітап алу, классикалық оқу залы, электронды кітапхана мен кітапхана қорынан қажетті кітапты қалай табуға және алуға болатыны туралы ақпаратпен таныса алады.

Қай заманда болмасын, кітапханалар үнемі дамып отыруы керек. Қазіргі таңда кітапханаларда кітаптарды жай ғана сақтау немесе кітап қорын толтыра беру жеткіліксіз. Қазіргі қоғамдағы өмір ырғағы өте жылдам және оқырманға кітап қана емес, кітапқа қол жеткізудің түрлі мүмкіндіктері қажет. ҚазҰУ кітапханасы оқырман үшін кітаптардың қолжетімді болуы жолында аянбай еңбектенуде. Бүгінгі таңда Android-ке арналған «әл-Фараби кітапханасы» мобильді қосымшасы әзірленіп, PlayMarket-те іске қосылған.

Категория: