Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Лексикалық тақырып: «Көктем»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Бейсекеева Алмагуль Тарановна, учитель казахского языка, вторая квалификационная категория высшего уровня, КГУ «средняя школа № 20 села Мирное» акимата Осакаровского района Карагандинской области

Бейсекеева А.Т.

Грамматикалық тақырып: «Етістіктің шақтарын қайталау».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың етістіктен алған білімдерін жүйелеу, білімдарлық деңгейі мен танымпаздық қабілетін арттыру, ой өрісін кеңейту.

Дамытушылы: балалардың ойлау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізе білуге, байқампаздыққа, жүйелілікке үйрету.

Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру, олардың мән-мағынасын ашу арқылы адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу.

Сабақтың әдісі: интеллектуалдық жарыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, сөзжұмбақ, плакаттар мен суреттер.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Бекіту

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, сабақты бастайық. Түзу, тік, әдемі тұрамыз.

Сәлеметсіздер ме?

Сіздерді, тілдік ортаға, «Жүректен — жүрекке» атты шаттық шеңберге шақырамын. Сабақты бастар алдында, бір — бірімізге сәттілік тілейік. Рақмет, отырыңыздар.

— Балалар, мен сендерге жұмбақ өлең оқимын, соның сендер шешуін табыңдар.

Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?

Дұрыс, көктем туралы. Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы «Көктем».«Етістіктің шақтарын қайталау».

— Бұл сабағымыз ерекше — түрінде өтеді саяхат сабағы. Саяхатқа шығу үшін әр топ өз командирлерін сайласын.Топпен жұмыс жасаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 ою беріледі. Ал, сайыстың аяғында жеңімпаздарды анықтаймыз.

Бүгін бізді Етістік байдың ауылына қонаққа шақырды, қонаққа барар алдында, біз бірнеше бөгеттерден өтуіміз керек. Жолды тапсырма орындалғанннан кейін біліп отырамыз. Дайынбыз ба?

Жақсылап орналастық па? Ал, енді саяхатқа аттанамыз. Айнала қандай әдемі! Балалар, сол жағымызға қараймыз, біз «Сөздік алқабына» келдік. Сендерге мынандай тапсырма: сабақта өткен сөздерді оқимыз,қайталаймыз.

Көктем — весна
Құстар — птицы
Қар ериді — тает снег
Жылынады — теплеет
Бүршік атады — почки распускаются
Бәйшешек — подснежники
Жасайды — делают
Отыр — сидит
Тұр — стоит
Жатыр — лежит
Жүр — ходит
Самал жел — ветерок
Шөп — трава
Кешке — вечером

Жарайсыңдар! Көп сөз білесіңдер.

Ендеше келесі сайыс алқабына барайық: «Сөйлем көлі».

Сөйлем көліне келдік: онда біз сөздіктің көмегімен, суретке қарап «Көктем» тақырыбына 5-6 сөйлем құрастырамыз (оқыту, аудару)

Енді, балалар, оң жағымызға қараймыз;

Біздің келесі аялдамамыз: «Құстар мекені». Құстар сендерге тапсырма дайындапты, сөзжұмбақты шешіп, тірек сөзді табуымыз керек.

Сөздерді қазақ тіліне аудар:

Куропатка —
Попугай —
Рябчик —
Сокол —
Воробей —
Голубь —
Кукушка —

Сөз жұмбақта қандай сөз жасырылды?
Сөз жұмбақта етістік деген сөз жасырылды.
Жақсы, жыл құстарын бәрін біледі екенсіңдер.
Саяхатымызды жалғастырайық.

— Балалар, «Мәнерлеп оқу тауына» келіп қалдық. Мына таудан өту үшін, алдымен біз тапсырманы орындауымыз керек.

Көктем келді, алақай!
Бүршік жарды қалақай,
Көктем келді, алақай!
Бәрінен де рақаты
Бастан түсті — ау малақай!

Қара басын қорғалап,
Жүрген қарға жорғалап,
Ауламыздан кетті ұшып,
Соңғы аязды арқалап.

Көкек келді «көкек» деп,
Қара суық өтеді деп.
Ән мен жырды әкелді,
Қаз — үйректер жетектеп.

Көбелекті «жын ұрды»,
Көк қояндар жүгірді.
Жаздың құсы — бозторғай
Көк аспанға ілінді.

— Жақсы, «Мәнерлеп оқу тауымыздан» өттік.

Саяхатымызды жалғастырамыз.

Біз «Етістік байдың ауылына» келдік. Мен сендерге Етістік деген бай туралы ертегі оқып беремін.

Етістік туралы ертегі

Ерте, ерте, ертеде Етістік деген бай болыпты. Ол үлкен ауылда өмір сүріпті. Етістіктің үш ұлы болған екен. Үлкені Осы шақ, ортаншысы Келер шақ, кішісі Өткен шақ. Осы шақ ауылда бүкіл болып жатқан оқиғаларды тізбелеп отырса. Келер шақ алдағы уақытта болатын оқиғаларды болжап, ақылға салып сараптайды екен. Ал, кенжесі Өткен шақ өткен оқиғаны сараптап, ақыл — ой елегінен өткізіп, шындыққа біртабан жетелейді екен. Өткенді еске алмай, бүгінгіні байыптамай, болатын істі болжай алмайсың. Үшеуі де ақылды, өте парасатты болған екен.

Ауылдың кіреберісінде інжу тастардан қаланған мұнара болыпты. Бай сол мұнараға шығып болып жатқан жайттарды көзімен көріп, ақыл елегінен өткізіп, ойға батып отырады. Етістік байдың Болымды және Болымсыз атты қос уәзірі бар екен. Болымды уәзір қанағатшыл, еңбекқор екен. Болымсыз ісіне үстірт, шалапұла қарайтын тұрақсыз, жалқау адам болса керек. Екі уәзірі әрқашан да сөзге келіспей бір-бірімен ұрысып қалады екен. Етістік екі уәзіріне көңілі толмай «Қайттім?», «Не істедім?» — деп өкіне беріпті.

Давным, давно жыл на свете бай по имени Етістік . Он жил в большом ауле. У него было трое сыновей. Старший Осы шақ, средний Келер шақ, младший Өткен шақ . Осы шақ рассказывал, о том что происходит ауле в настоящее время. Келер шақ предсказывал о будущем . А Өткен шақ напоминал о прошедшем времени и говорил что прошлое забывать нельзя.

Перед входом в аул стояла жемчужная башня. Бай всегда приходил на башню и поднимался на самый верх, чтобы посмотреть своими глазами, что происходит в городе. Он там думал и размышлял. У бая было два советника одного звали Болымды, а другого Болымсыз.

Визирь Болымды всегда был всем довольным и трудолюбивым . А Болымсыз был ленивым, не постоянным, не аккуратным человеком. И два советника бая, всегда спорили друг с другом. И тогда огарченный бай смотря на них всегда говорил: «Что делать?», «Что сделать?».

— Балалар, ертегі ұнады ма?

Онда, Етістік байдың «Асық ойынын» ойнайық.

  1. Етістік деген не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
  2. Етістіктің неше шағы бар?
  3. Осы шақ қалай жасалады?
  4. Өткен шақ қалай жасалады?
  5. Келер шақ қалай жасалады?

Сонымен, балалар, саяхатымыз аяқталды. Ұпай санын есептегенше «Қиық-құрақ» құрастырайық.

Бағалау:

Бүгінгі сабаққа дұрыс жауап беріп, белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:

Сабақты шаттық шеңберіне шығып, бір — бірімізге рақмет айтып аяқтаймыз.

Категория: