Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2022» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — табысты түлектердің альма-матері

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2022» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего иСедьмой международный творческий конкурс «Зимние забавы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнеЭкспресс-публикация Отправить материал на публикациюСертификат о публикацииПубликация на портале «Азбука.kz»СвидетельствоПортфолио учителяЯндекс.Толока — заработок в интернете

Частное учреждение «Средняя школа в честь прп. Сергия Радонежского»
 

Версия для печатиВерсия для печати
  Орындаған: Рамазан Айзат Максатовна
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қ., Казақстан
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Бекетаева Меруерт Тұрғанбекқызы
КазНУ

Аңдатпа

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз, Қазақстан Республикасының ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. 2020 жылдың соңында университет әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында QS халықаралық рейтингінде 165-орынды иеленді [1]. QS University Rankings Quacquarelli Symonds құрастырған, жыл сайын жарияланатын университеттер рейтингінде ең беделді үш рейтингтің бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, «Рейтинг. kz» 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — 41,7 пайыз жинап, 5-орынды иеленген болатын [2]. Біз бұл мақала аясында ғаламтор кеңістіктерінде ұсынылған негізгі анықтамалық-ақпараттарға тоқталуды жөн көрдік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.

Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. ҚазҰУ-дың 75-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.

Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.

Университтің миссиясы — еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

ҚазҰУ-дың белгілі түлектерінің арасында ҚР еңбегі сіңген қайраткерлер, саясаткерлер, білім саласындағы үздіктер, түрлы салалардағы жетекші мамандар бар. Солардың ішінде Бақытжан Сағынтаев, жазушы Олжас Сүлейменов, ақын, драматург Нұрлан Оразалин, актриса Асель Сағатова, белгілі ғалым Рахман Алшановты атап айтқанды жөн көрдім.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы қазіргі Қазақстан аумағында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түсті. Университетті сәтті аяқтағаннан кейін Бақытжан Әбдірұлы диссертация қорғап, біраз уақыт туған университетінде әлеуметтану кафедрасының доценті болып жұмыс істеді, содан кейін кәсіпкерлікпен айналысты. Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының экс-Премьер-министрі, 2019 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысықызметін атқарды, 2019 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды [3].

ҚазҰУ түлегі-ақын және Қазақстан Жазушылар Одағының бұрынғы басшысы Нұрлан Оразалин 1970 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығы бойынша бакалаврды бітірген. Қазіргі таңда Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Алматы облысының құрметті азаматы [4].

Танымал қазақстандық актриса және модель 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген, алайда тоғыз жасында Алматыға отбасымен көшуіне тура келген. Бала кезінен Әсел тележүргізушінің мансабы туралы армандайды, бірақ жасына байланысты дикторлар курсын аяқтай алмайды. Содан кейін Сағатоваға жақындары модель ретінде өзін сынап көруді ұсынады және дәл осы сала оған сәтті мансап жасауға жол ашады. Мектепті бітіргеннен кейін Әсел әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түсіп, жоғары оқу орнын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді. Алайда Сағатова мамандығы бойынша жұмыс істей алмады, бірақ өзінің ескі арманын орындады — теледидарға жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Ол «Қасқыр сағаты», «Рэкетир», «Құрбылар», «Аңшылық», «Махаббат ирониясы» сияқты бірнеше танымал қазақстандық фильмдерге түсті [5].

Олжас Сүлейменов — атақты қазақ жазушысы, журналист, зерттеуші-лингвист және дипломат.1936 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, инженер-геолог мамандығын алады. Алайда Олжас Сүлейменов мамандығы бойынша ұзақ жұмыс істемейді, керісінше әдебиет саласымен айналысады. Ол Мәскеудегі Әдебиет институтына түсіп, өлең жазуды бастайды. Осыдан кейін Олжас Омарұлы журналист болып жұмыс істейді, түркі лингвистикасына зерттеу жүргізеді, «Игорь полкі туралы сөзге» арналған бірқатар еңбектер жазады. Сондай-ақ дипломатиялық жұмыспен айналысып, 2002 жылдан бастап Қазақстанның ЮНЕСКО-ға өкілі болады[6].

ҚазҰУ-дың 85-жылдық мерейтойында «Мен осы жоғары оқу орнының түлегі екендігімді мақтан тұтамын, оның деңгейі бойынша еліміз бен ұлтымыз туралы бағаланады. Біз 1954 жылы оқуға түскен кезде университет есімде. Сол кезде қазақ ұлтының талапкерлерін геологиялық барлау факультетіне шақырды. Техникалық мамандықтағы адамдар жетіспеді. 1954-1959 жылдардың түлектері-геологтар біздің тәуелсіз республикамызды қолдайтын байлықты құрғанын атап өткім келеді. Мұнай, металл және басқа да тау жыныстарының барлық кен орындарын ҚазМУ түлектері зерттеді. Мен олардың әрқайсысын мақтанышпен еске аламын! Олардың еліміздің дамуына қосқан үлестерімен құттықтаймын», — деді Олжас Сүлейменов.

Қорытындылай келе, бүгінгі талапкерлердің, жастардың, тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматтардың осындай білім ордасында білім алуы мақтаныш десек қателеспейтін шығармын. ҚазҰУ әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Top Universities http://www.topuniversities.com/institution/al-farabi-kazakh-national-university
2. «Рейтинг. kz» зерттеу орталығының сауалнамасы
3. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
4. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6
5. https://web.archive.org/web/20130907045246/http://asselsagatovams. kz/node/87#id
6. Толмачев Г. «Повесть об Олжасе», Издание 2-е, исправленное и дополненное, Алматы, «Казинпресс», 2011.

Категория: