Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы жаңа мамандық — әрбір баланың жарқын болашағы үшін

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

  А. Б. Мукашева, педагогика ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің «Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» оқу бағдарламасының координаторы.
А. Дәуренбекова, Ж. Каренеева «Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» оқу бағдарламасының 2-курс магистранттары
КазНУ

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін — білім.
М. Әуезов

Білімінің маңыздылығы, қажеттілігі туралы бізге дейін де, бізден кейін де айтылатыны анық. Себебі, М.Әуезов айтып кеткендей адам мен адамды теңестіретін бір ғана құрал бар, ол — білім. Ал, білім саласындағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі — барлығына тең құқылы білім беру, яғни инклюзивті білім беру жүйесін дамыту болып отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны жыл өткен сайын біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша артуда. Барлық балалар сияқты денсаулық мүмкіндігі шетеулі балаларда да өз болашақтарына қатысты арман, мақсаттары бар. Және олардың дағдылары мен потенциалдарын ашу үшін сапалы білім берілуі қажет.

Инклюзивті білім беру — барлық білім алушыларға білім алу мекемесіне баруға, олардың дамуы үшін қажетті дағдыларды меңгеруге және дамытуға тең мүмкіндік берудің ең тиімді жолы. Білім туралы заңда қарастырылғандай, «инклюзивті білім беру — ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс».

Елімізде инклюзивті білім беру деңгейі жыл өткен сайын дамуда, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 10-маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға қол қойған болатын. Президентіміздің бұл қадамы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, оларға қолдау білдіру қажеттігін де көрсетті.

Бұл дегеніміз ерекше білім беруді қажет ететін балалар санының артуы, сәйкесінше инклюзивті білім беретін сапалы мамандарға деген сұраныс та артатынын білдіреді. Осы орайда еліміздің бірқатар университеттері инклюзивті білім беретін маман дайындауды қолға алып, білім беруде.

2020-2021 оқу жылынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге үлкен мүмкіндіктердің есігін ашатын «Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» оқу бағдарламасы «Филосифия және саясаттану» факультеті, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасына жаңадан қосылды. Оқу бағдарламасының ерекшелігі магистранттар еліміздің екі бірдей атақты Жоғарғы оқу орындары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің кәсіби оқытушылары мен профессорларынан білім ала алады. Яғни бұл бағдарламаны оқу барысында магистранттар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау кезінде балаға тек қана педагогикалық-психологиялық көмек көрсетумен шектелмей, медициналық тұрғыда балаға диагноз қойып, немесе қойылған диагноз бойынша баламен тереңдетілген жұмысты дұрыс жасауды меңгереді. Медициналық тұрғыдан білім алу: «Жүйке жүйесі ауруларын медициналық оңалту және терапевтикалық жұмыс», «Бала жастағы психо-сөйлеу қызметінің қалыптасу бұзылыстары», «Бала жастағы функционалды (невротикалық) бұзылыстар», «Жүйке жүйесінің анатомо-физиологиялық негіздері» және т. б. пәндермен жүзеге асатын болса, педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу барысын «Инклюзивті білім беру жағдайындағы кеңес беру мен оңалту жұмысы», «Инклюзивті білім берудегі диагностика және клиникалық зерттеулер», «Инклюзивті практикада сүйемелдеудің инновациялық технологиялары» сияқты пәндермен оқытылады.

«Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» мамандығын меңгеру барысында магистранттар 2 жыл ішінде теориялық біліммен қатар, практикалық білімді ұштастыра отырып бірнеше артықшылықтарға ие бола алады:

1. Заманауи дидактикалық технологияларды қолдана отырып, оңалту және терапевтік ұсыныстарды ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру;
2. Инклюзия жағдайында медициналық-педагогикалық сүйемелдеу жағдайында көру, есту, интеллектуалдық, қозғалыс саласы бұзылған адамдарды оқыту, тәрбиелеу және олардың ақауларын түзету;
3. Арнайы білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау мекемелерінде және оңалту орталықтарында педагогикалық процесті ұйымдастыру;
4. Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық қолдауды басқару;
5. Құқықтық, адамгершілік және этикалық нормаларды, кәсіби этика талаптарын сақтау негізінде медициналық-педагогикалық қолдаудың кәсіби міндеттерін шешу;
6. Білім беру үдерісі шеңберінде оқушылар үшін психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын әзірлеу;
7. Психо-эмоционалдық денсаулықты ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналары үшін психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын әзірлеу;
8. Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық қолдау саласында эмпирикалық, эксперименттік зерттеулер жүргізу;
9. Медициналық-педагогикалық сүйемелдеудің түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
10. Психикалық қызметтің дамуы мен бұзылуын зерттеу кезінде Психодиагностика әдістері негізінде және ерекше білім беру қажет ететін адамдарда денсаулықтың бұзылуын түзету бойынша консультациялар өткізу;
11. Жүйке жүйесінің аурулары кезінде балаларды медициналық, педагогикалық және логопедиялық оңалтудың заманауи әдістерін қолдануды игереді.

Қорытындылай келе, әрбір ерекше білім беруді қажет ететін бала болашағының жарқын болуы, қатарластарымен тең құқылы білім алуымен тікелей байланысты, ал осы орайда инклюзивті білім беретін педагогтардың қызметінің маңызды екенін айтқымыз келеді.

Категория: