Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасы, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранты Зулавдунова Феруза Ғылыми жетекшісі: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Камзина А. А.
КазНУ

1934 жылы іргесі қаланған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күні елімізде ғана емес, әлемдік дәрежеде беделі бар жоғары оқу орны. Аталмыш оқу орны QS World University Rankings 2023 рейтингінде 150-ші орынға ие болды (Қазақстандағы ең жоғары рейтингі бар университет). Ал, QS Asia University Rankings 2023 рейтингінде 44-ші орында.

Белгілі бір кәсіпті меңгеріп, мамандық иесі атану жарқын болашақтың кепілі. Себебі, белгілі бір мамандық иесі қоғамға қандай да бір өнім беруге қабілетті тұлға болып саналады. Ал елдің экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуы тұтынушы емес өндіруші халыққа байланысты. Осы мақсатқа жетуде мамандық таңдау мен қатар сол мамандықты меңгертетін оқу орнын таңдаудың маңызы зор.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-да инженерлік, жаратылыстану, медицина, экономика және гуманитарлық ғылымдар бойынша 87 бакалавриат, 98 магистратура және 93 докторлық білім беру бағдарламаларын ұсынатын 16 факультет бар. ҚазҰУ-да 25 000-нан аса студент, магистрант және докторанттар білім алуда. Білім алушыларға барлық жағдайлар мен ресурстар қамтылған. Бұған 2 миллионға жуық қорымен Әл-Фараби атындағы кітапхана, Жастар Интернет Орталығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы және тағы да басқа білім алушыларға арналған құрылымдар анық дәлел.

2022 жылы магистратураға аяқ басу алдында тұрғаным да, таңдау шет тілдерін үйрететін бірнеше университеттің арасында болды. Мен таңдауымды Қазақ ұлттық университетіне бердім. Қазір Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығын игеріп жатырмын. Жалпы кафедрада бакалавриат, магистратура, доктарантура білім игеру сатылары бойынша «Екі шет тілі», «Түркітану», «Лингвистика» білім беру бағдарламалары бар. Тіл білімі ғылымына елеулі үлесін қосып жатқан, шет елдерде үнемі тәжірибесін асырып жүрген профессор, ғалым-ұстаздардан тәлім алып, өмірімдегі тағы бір сәтті таңдау жасағаныма көз жеткізіп отырмын.

Категория: