Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«Көңілді қыс» тақырыбына ересектер тобындағы қазақ тілі бойынша сабақ конспектісі

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Айгул Тукеновна Курманалина — Шахтинск қ. КМҚК «Қарлығаш» сәбилер-балабақшасының екінші санатты жоғарғы деңгейлі қазақ тілі мұғалімі

«Көңілді қыс» тақырыбына ересектер тобындағы қазақ тілі бойынша сабақ конспектісі

Мақсаты: Б. Қыс мезгілі туралы балалардың білімдерін толықтыру. Жаңа сөздерді меңгерту. Қыс айларын қазақша, ретімен атауды үйрету. Сөз тіркестерін жасау. Сөйлем құрастыру. Сұрақты түсініп, оған қазақша жауап беруді үйрету. Д.Ойлау қабілетін, тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту. Т. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Қыстың суық ызғарына қарамастан, көңілді болатынына сенімдерін арттыру. Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сөздік жұмыс: қыс, қар, аққала, шана, шаңғы, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Дыбыстық жұмыс: «қ», «ң» дыбыстарына жаттығу.

Көрнекіліктері: қыс мезгілі бейнеленген суреттер,шана, шаңғы, аққала.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Қайталау.
  3. Көңілді қыс.

Амандасу

Армысыз Аспан ата!
Армысыз Жер ана!
Армысыз Алтын күн!
Армысыздар Достар!

— Балалар, бұл ненің дауысы? Қарғаның дауысы жазылған таспа.

— Бұл қарғаның дауысы. — Оны қайдан білдіңдер?

— Қарға қар,қар деп дауыстайды.Қарға келеді.

— Қар деген не екенін білесіңдер ме?

— Қар орысша «снег» деген мағынаны білдіреді.

— Балалар, бұл қарғакеше орманға барып қар,қар деп айқайлап келіпті. Қарғаны естіген барлық құстар мен аңдар қысқыға дайындықтарын тез аяқтапты. Сөйтіп, қарға бізге де жеткен екен. Рақмет қарға, біздің балалар да қардың «снег» екенін ұмытпайды. Қайталап көрейікші.

Дыбыстық жұмыс: Қар, қар, қар, деп хормен және жеке-жеке қайталайды.

Балалар, мен сендерге өлең оқып беремін, сендер қай жыл мезгілі туралы екенін айтыңдар.

Дала аппақ,
Жапалақтап,
Қар жауып тұр тыңбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.

— Қыс.
— Оны қайдан білдіңдер?
— Қар қыста болады.
— Ал, қыс айларын кім біледі?

Сөздік жұмысы:

желтоқсан — декабрь
қаңтар — январь
ақпан — февраль

хормен және жеке-жеке қайталайды.

Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,
Қарғаға біз ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

Суретпен жұмыс

— Балалар, сендерге қыс мезгілі ұнайды ма?

— Несімен ұнайды?

— Қыс көңілді бола ма? Мен сендерге көңілді қыс тақырыбына байланысты мынадай әдемі сурет әкелдім. Қараңдаршы, қандай көңілді балалар! Олар неге көңілді деп ойлайсыңдар?

— Өйткені олар шана, шаңғы, коньки теуіп жүр, аққала жасап жатыр.

— Дұрыс. Қыста өте көңілді, балалардың барлығы жақсы көретін мереке бар.

— Жаңа жыл!

— Мынау не? Бұл шана.

— Мынау не? Бұл шаңғы.

— Мынау не? Бұл, аққала.

Сөз тіркестері, сөйлем

Сөз тіркестері, сөйлем

— Балалар, қарға әрі қарай естімеген, аңдар мен құстарға хабарлау керек. Сәттілік тілейік.

Мұғалім: Қыс мезгілі, әрине, суық болады. Аяз, боран болады. Ол сонысымен-де қызықты. Ондай ауа райын ата-аналарынмен терезеден бақылауға болады. Ал, жылы, ашық күндері далаға шығып таза ауа жұтып, серуендеген адам денсаулығына өте пайдалы.Қыс өз қызығымен қызықты. Балалар, сендерге көп рақмет. Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабақ сендерге ұнады ма? Қиын болды ма? Несімен ұнады?

Сау болыңдар, балалар!

Категория: