Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Көлік түрлері

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Жусупова Шамшия Алишевна воспитатель ГККП ясли-сад № 10 «Сказка» Павлодарская область город Экибастуз

Фото с сайта www.novec-1230.ru

Сабақтың мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытудың қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімдерін кеңейту.

Өзін-өзі көпшілік ортада ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, үнтаспа, ойын элементтері (машина рөлі, гараж), жол макеті.

Сөздік жұмысы: достық — дружба, көлік — транспорт, көлік түрлері — виды транспорта, жүргізуші — водитель, бағдаршам — светофор.

Іс-әрекет кезеңдері

 

Мұғалімнің әрекеттері

Балалардың іс-әрекетттері

Дәлелі-себеп кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру рәсімі:

– Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?

Балалар хормен, қимыл, іс-әрекет арқылы көрсетеді.

Сәлем саған алтын күн!

Сәлем саған көк аспан!

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған достарым!

– Сәлеметсіздер ме, қонақтар! 

Жақсылықты үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі

– Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.

– Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?

– Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?

– Енді, мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа-сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылган.

– Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер. Сендер оларды атап көріндер. Жұмбақ:

 

1. Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.

— Автобуспен қайда баруға болады?

— Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?

 

2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.

 

 

 

 

 

— Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?

Сергіту сәті: «Пойыз».

Логикалық ойын. «Кім қай вагонда отырады?»

Көліктің көбеюіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.

  • Көшенің қандай жеріне өту керек.
  • Автобустан түскенде қандай ережені ұмытпау керек?

 Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»

— «Көлік» деген сөз қандай дыбыстан басталады?

— Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?

— Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретін, басқа көліктер оны күттірмей өткізіп жіберетін көліктермен таныстырамын.

— Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді?

Неге бұл машинаны бәрі өткізеді?                  

Балалардың жауабы:

(машина адамдарды, жүктерді тасиды)

 

 

 

— Автобус, жеңіл машина.

 Балалар тыңдайды.

 

Автобус алға зулайды

Бағыттан еш аумайды

Зыр айналар дөңгелек

Көлік бізге ең ертерек.

 

Автобус.

— Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа, т.б.

— Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.

— Пойыз.

— Тепловозға қарашы.

Түтіні көк бүркіген

Жалғыз өзі, санашы

Неше вагон тіркелген?

1, 2, 3, 4, 5.

— Онымен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.

Балалар ойнайды.

Сапқа тізбектеліп тұрады.

Пойыз кетіп барады

Жан жағына қарады

Бағдаршамда қызыл жанғанда

Пойыз тоқтап қалады.

  • Қызыл — тоқта
  • Сары – дайындал
  • Жасыл – жүресің.

– Жаяу жүргіннің өткеліне өту керек (пешеходный переход)

– Автобустың артқы жағынан өту қажет. Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.

– «К» дыбысынан басталады.

–  Кілем, кілт, кірпі, компьютер т.б.

«Жедел жәрдем».

— Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады. («Жедел жәрдем» тақпағы)

— Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек.

— «Өрт сөндіргіш машина»

Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады.

— Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек.

Рефлексия — түзету кезеңі

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Өз гаражынды тап». (әуен қосылады)

 

— Балалар, үйде ата-аналарың, туыстарың алыс жолға шықса бір-біріне не деп айтатындарын білесіңдер ме?

Машинаның рөлін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сай гаражын табу керек.

«Жолың болсын!» — дейді.

Атам шықса сапарға

«Жолың болсын!» — дейді апам

Апам шықса сапарға

«Жолың болсын!» — дейді атам.

«Жолың болсын!» — дейді олар

Үлкенге де кішіге.

«Жолың болсын!» — дейді олар

Ұшырасқан кісіге.

Осы сөзден байқадым

Қуат барын, күш барын

«Жолың болсын!» — айтамын,

Алыс жолға шықса кім.

Сау болыңыздар!

Жолдарыңыз болсын!

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.

Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.