Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Шингалиева Света Камызагалиевна, Атырау қаласы Еркінқала селосы «Еркінқала» орта мектебінде бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Педагогикалық өтілім 32 жыл |
2004 жылдан бастап мектеп түлектерінің білімін бағалау ҰБТ арқылы жүргізіле бастады. Қазақстан тарихы пәні аса күрделі, қайшылығы мол, есте сақтауға қиын соғатын пәндердің бірі. Оқушыларды Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ге дайындау кезінде бірқатар қиындықтар кездеседі. Оқушылардың ішінде дайындық сабақтарына дұрыс қатыспайтын, тапсырмаларды орындамайтын, есте сақтау қабілеттері төмен оқушыларда кездеседі. Сондықтан мұғалімге тарих пәнінен тақырыптарды оқушыларға меңгертудің тиімді, ұзақ еске сақтауды қалыптастыратын жолдарын, әдіс-тәсілдерін ойлап табуға тура келеді.
ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
— Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
— Интерактивті технологияларды қолдану;
— Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
— Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
- 9688 просмотров