Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Әубәкірова Зәуреш Ғимадитденқызы, Павлодар қаласындағы № 9 жалпы орта білім беру гимназия–мектебінің қазақ тілі мұғалімі

Қазақ тілі

Тәуелсіздік алғаннан бері, мемлекетімізде көптеген өзгерістер болып жатыр. Елімізде жалпы білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Қазіргі заман ағымына қарай білім берудегі мақсат — өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін — өзі белсенді етуге дайын, басекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсе- тілген.

Құзыреттілік дегеніміз — тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік — оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушылар қарым — қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символ- дарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) — қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік — екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.

Өз іс-тәжірибемде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ — оқушының қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Өз сабақтарымда құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүр-
мін:

  • жазбаша қатынас
  • мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір
  • диалог құру
  • өнімді топтық қатынас
  • мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған тапсырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (сөйлесу үлгілерінен құрастырылған сөздікше), «Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал етеді. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесім-нің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасуда. Мысалы, бастауыш сыныптарда «Дәрігерде», «Дүкенде» деген тақырыптарды өткен кезде «Тілдескіш» әдісін қолдандым. Оқушы «Тілдескішті» қолдана отырып, берілген жағдаятқа серіктесімен әнгіме құрастырып, өзара әңгімелесе алды.

«Жазбаша қатынас» әдісі 5-6 — сыныптардағы «Менің отбасым »»», «Менің досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.

«Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптас- тырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады.

Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру — заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
3. Левитан, К.М. О содержании понятия «коммуникативная компетентность». Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. № .2.89-91б
4. Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. — М., 1991.

Категория: