Қазақ сазгерлері
Жузенова Маржангуль Болатовна учитель казахского языка, стаж 19 лет, высшая категория КГУ «Кондратовская средняя школа отдела образования акимата Кызылжарского района» |
![]() |
Лексикалық тақырып — кірме сөздер
7 сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік — қазақ сазгерлері туралы толық мәлімет беру,кірме сөздер тақырыбын пысықтау; ғаламторда керекті ақпарат таба алу қабілеттерін пысықтау;
дамытушылық — ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру;
тәрбиелік — ел мәдениетін қадірлеуге, қазақ әніне қызығушылық туғызу.
Түрі — жаңаматериалды оқып үйрену. Әдісі — интербелсенді оқыту әдісі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ізденіс, баяндау. Типі — дәстүрлі емес. Көрнекілігі — интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі қағаз, маркер, өзін-өзі бағалау парағы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Шеңбер құру — оқушылар өздерін сын есімдер арқылы мақтайды. Түс таңдау арқылы 3 топтқа бөлінеді. Өзін-өзі бағалау парақтарын тарату. Сабақтың тақырыбын жариялау. (1-ші слайд )
Әлемдегі жаңалықтарды ұсыну (кезекшімен сұхбат)
II. Үй тапсырмасын тексеру
(2-ші слайд) сұрақтарға жауап:
Қазақ әндері нені насихаттайды ?
Қазақ халық әндерін кімдер зерттед?
Халық әндері қандай аспаптармен орындалады?
Қандай кең тараған халық әндерін білесіңдер?
Қызығушылықты ояту. Ойқозғау әдісі. (3-щі слайд)
III. Жаңа сабақ
Топтағы жұмыс ережесімен таныстыру: сарапшының міндеті- кластер жасау, тілшінің міндеті-сұхбат алу, лингвисттің міндеті-мәтіннен кірме сөздер табу, мәнерлеп оқушы-ұялы телефоннан ғаламторға кіріп, сазгер туралы өлең немесе шығармасын іздейді, орындауға тырысады.
А) жаңа сөздермен жұмыс (5-ші слайд)
Б) топтағы өздік жұмыс (10 минут уақыт беріледі)
В) 3 топ өз жұмысын ұсынады (3-14-ші слайдтар)
IV. Сабақты бекіту
Абайдың сөздеріне назар аудару.
— Балалар, неліктен біз бүгінгі сабағымызды Абайдың сөздерінен бастадық?
— Қандай Абайдың әндерін білесіңдер?
— Кім орындай алады?
(15, 16 слайд) 12 сұраққа жауап беру.
V. Оқушылардың білімін бағалау
Өзін-өзі бағалау парақтарын жинау.
VI. Үйге тапсырма беру: эссе жазу «Менің өмірімдегі музыканың орны»
- 15393 просмотра