Жаканова Асем Магауияновна, Ақжар ауданы, Ленинград селосы № 2 Ленинград орта мектебінің бастауш сынып мұғалімі |
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік.
Көрнекілігі: қима қағаздар, алқалар, таратпалар. Интерактивті тақта (слайд)
1. Психологиялық дайындық: Балалар сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтің тәлім сәтінен бастайық:
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды әрбір ісімізге мұқият болайық.
2. Үй жұмысын тексеру.
— Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
— н-ң дыбыстарынан сөздер құрастырып келу және ұнаған сөздерден сөйлем құрастырындар деген тапсырма.
Бекіту: — Балалар н-ң дыбыстары қандай дауыссыз дыбыстың түріне жатады?
Жаңа сабақ: Кіріспе Мұғалімнің сөзі: — Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болады. Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз дауыссыз дыбыстарды қайталау және бүгінгі келіп отырған қонақтарға білім денгейлерін көрсету.
— Балалар, өткен қыста қандай үлкен спорттық іс-шара өтті?
— 7-ші қысқы Азия ойындары.
— Дұрыс айтасыздар, онда Қазақстан мемлекеті 1-ші орынға ие болды.
— Енді жазда да Азия ойындары өткізіледі екен. Жазғы олимпиада 2014 ж. Кореяда өткізіледі екен.
— Ендеше біз бүгінгі сабақта Кореяда өтетін жазғы Азия ойындарына жолдама алуымыз керек. Алтын алқа алсақ сол 2014 жылы Кореяда өтетін жазғы Азия ойындарына барамыз.
— Қандай жазғы ойын түрлерін білесіңдер?
— күрес, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетика, жүзу, нысана көздеу, теннис,
— Бүгін бізге сабаққа Корея елінен кішкентай панда қонаққа келіп, өзімен бірге тапсырмалар ала келіпті. Біз оған өнерімізді көрсетеміз бе?
— Жақсы нәтиже көрсеткен оқушы жақсы баға алады, Яғни кім көп ұпай жинайды екен?
— Әрбір дұрыс жауапқа доп беріледі. Осы жарысқа бәріміз женімпаз болып шығу керекпіз. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Панданың 1-ші тапсырмасын орындау үшін қандай ойын түрін ойнайтынымызды жұмбақ шешу арқылы білеміз:
Көркем жазу минуты Ш ш шана
2-ші тапсырма келесі жұмбақ
Оқулықпен жұмыс: 78 бет 1-жаттығу
Қате жазылған сөздерді түзетіп көшіріп жаз.
Жазұшы-жазушы, түйреүіш-түйреуіш, кійім-киім, сыйыр-сиыр, силық-сыйлық, тиым-тыйым, құиын-құйын, тақиа-тақия, аиу-аю.
3-ші тапсырма Жұмбақ:
Сергіту сәті:
4-ші тапсырма: Жұмбақ
Өлеңді жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздерді үлгіде көрсетілгендей оқы.
Қ мен ғ дыбыстың қай түріне жатады?
Қандай өзгеріс байқадыңдар?
5-ші тапсырма Жұмбақ
Ендеше барлығымыз суда жүзіп көрейік.
Ребустарды шешу. Дара, қара, сағат, кеш. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.
Сабақты қорыту ауызша Балалар, қазақтар қандай қонақжай халық екенін білесіңдер. Бізде қонақжайлығымызды көрсетеміз. Келген қонақтарға сыбаға тартамыз.
— Қандай соғым мүшелерін білесіңдер?
— қазы, қарта, жал-жая, жамбас,
— ендеше соғым мүшелері жазылған карточкалар беріледі , сонда берілген сұрақтарға ауызша жауап береміз.
— Қазақ тілінде неше әріп бар? 42
— Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
— Неше дауыссыз дыбыс бар?
— Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата?
— Қатаң дауыссыз дыбыстарға қандай әріптер жатады?
— Ұяң дауыссыз дыбыстарға қандай әріптер жатады?
— Үнді дауыссыз дыбыстарға қандай әріптер жатады?
Жақсы жауп бердіңдер
— Балалар сендер ойлау қабілетттерің, ұшқыр, білімді, екендеріңді ойын барысында көрсетттіңдер. Деніміз сау, шымыр болып өсу үшін не істеу керекпіз?
— Спортпен шұғылдану керекпіз.
— Иә спортпен шұғылданып, еліміздің намысын қорғап, тәуелсіздік туын биіктерге желбірететін бақытты ұрпақ сендер боласыңдар. Сендерге рахмет.
Үй тапсырмасы: 79 бет 6-жаттығу.
Бағалау. — Кім көп доп жинады? Сонымен жазғы Азиадаға баратын ойыншылар....
Пайдалынған әдебиет: