9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Ағылшын тілі сабағында рөлдік ойындардың тиімділігі

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Альжапарова Аклима Жаксалыковна ағылшын тілінің мұғалімі 1 санаты Ақмола облысы, Зеренді ауданы Ақкөл орта мектебі

Ағылшын тілі сабағында рөлдік ойындардың тиімділігі

Тілдесуді оқытудың ең тиімді тәсілі-тақырыптық рөлдік-ойындар. Бұл сабақтың бөлінбейтін бөлігі.Рөлдік ойындар адамдардың нағыз өмірдегі әр түрлі қарым-қатынастарын құруға мүмкіндік туғызады. Психологиялық тұрғыдан қарағанда 5-6 сыныптар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді.Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады,өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады.

Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі.Сөйлеу әрекетінде ең қозғаушы күш ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс-әрекет. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Осы орйда өзімнің жұмыс тәжірибемнен Where is/are сұрағына және жауабына карточкаға шағын ғана оқиға жазғызамын.

Онда олар өткен тақырып бойынша «in», «on», «under» сөздіктерді пайдаланып құрайды. Берілген оқиғадан балалар этюд құрады. Этюд бойынша жұмыс істегенде бірнеше кезеңдерден тұратынын сезуге болады. Бірінші кезең-пантомимо және іштей сөйлесу. Алдын ала осындай дайындық оқушыларды келесі кезеңге тез сөз құруына құлшындырады.

Пантомимо іс-әрекетті көрнекі көрсетуіне мүмкіндік туғызады. Бірінші сабақта этюдті мен өзім көрсетемін. Екінші кезең этюдте дайындалған оқушылар өткізеді.

P1 → P2
P2 ← P1

— Where is my book, Omar?
— Your book is in the bag
— And where is my bag?
— Look! It is under the table
— Thank you, Omar

Енді осы ойынды үлгерімі нашар оқушылар көрсетеді.Бұл кезде жағдаят мазмұны мен оны бейнелеушілер өзгееді де, ал грамматикалық құрылымдар сол күйінде өзгеріссіз қалады.

Үшінші кезең-екеуара жұмыс істеу. Граммматикалық құрылымды бекіту мақсатында оқушылар жеке көріністерін көрсетеді.

Төртінші кезеңде өздерінің көріністерін сынып ұжымы алдына шығып көрсетулеріне мүмкіндік туады. Мысалы: «Where is my bag?», «Where are my pencils?» т. б. Оқушылар өздері құрған көріністеріне көбіне тақырыпты өздері таңдап, ойыншықтарды, т. б. заттарды пайдаланып ойнауларына мүмкіндік беріліп отырады. Бұл кезде оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетіне кең жол ашылады.

Рөлдік ойындарды жүргізу кезеңінде мен көрнекі құралдарды пайдаланамын.

Мысалы, «Менің отбасым» тақырыбын өткен кезде тақтаға сурет ілінеді,ондағы сөздер бірнеше рет оқушылармен қайталанады. Бұл суреттерді қолданып осы арқылы сөздердің аудармасын біледі.Осы кезеңнен кейін мұғалім мен оқушы арасында сұрақ-жауап жүргіземін.

T: Have you get a father?
P: Yes, I have got a father.
T: How old is he?
P: He is 37.
T: What is he?
P: He is a driver.

«Отбасы» тақырыбын бекіту барысында тақтаға бес оқушы шақырылады. Оның біреуі жүргізуші блдады, оған ойынның аты хабарланады, кім қандай рөлде ойнайды және ол не істейді,соны табуды ұсынамын. Жүргізуші сыныпқа кіреді
де балалардан сұрай бастайды:

— Who are you?
— I’m a son
— What are you doing?
— I’m playing computer games т. б.

Жүргізуші балаларға қарап тұрып, оқушыларға екі сұрақ қояды.

Who are they? What are they doing? Оқушылар жауап береді. «Бұл сұрақтың түрінен қандай өзгерісті байқадыңдар, кім тез табады?» деп сұраймын. Мұнда сұрақ көпше түрде қойылып тұрғанын айтады.

To be, to have етістіктері және олардың сөйлеуде Present Continuous және Present Indefinite шағында пайдалануы жөнінде ойын түрін жүргізуге болады.

Осы етістіктерді пайдалана отырып Present Continuous шағының сөйлемдегі құрылымын пайдалануы туралы тақтаға алты оқушы шақырылады. Оның ішінен біреуін жүргізуші сайлап, сыныптан шыға тұруын сұраймын. Одан бес оқушының әрқайсысы өз деңгейлік тапсырмаларын алады.

1-деңгей: «Take a chair sit down opposite the TV set and watch it.»
2-деңгей: «Take a book and a pen, open the copy book and write English.»
3-деңгей: «Take a newspaper, open it and read.»
4-деңгей: «Take a toy dog. Play with it.»
5-деңгей: «Open a note book and draw.»

Сұрақ арқылы оқушының тапсырманы түсінген-түсінбегенін тексеремін. Мысалы: T: What are you doing? P: I’m watching TVset.

«Guess what they are doing?»

Жүргізуші әрқайсысының не істеп жатқанын айтып береді.

Осындай тақырыптық рөлдік ойындардың тәрбиелік маңызы зор, сыпайылық,кішіпейілділік, инабаттылық қасиеттеріне тәрбиелеуде көп көмегін тигізіп отырады. Бұл ойындардың қай-қайсысы болса да оқушыларды көпшілдікке,ұйымшылдыққа және үлкен жауапкершілікке тәрбиелейді.Рөлдік
ойындар арқылы өткен сабақ жанды,қызықты және оқушылардың белсенділігінің жоғары болуына зор ықпалын тигізеді,сонымен қатар оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан мектебі» журналы 6-2003ж.
  2. «Мектептегі шет тілі» журналы 4-2008ж.
  3. «Грамматика» Ю. Б. Голицынский
Категория: