Международный творческий экспресс-конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья, посвященном летнему отдыху

 

«Аға мен қарындас» сайысы

 

Версия для печатиВерсия для печати

 

Айтжанова Алтынай Хакимовна, педагог-психолог және өзін-өзі тану мұғалімі, ІІІ (базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім, бірінші санатты. «Мортық орта мектебі» КММ, СҚО Уәлиханов ауданы, Мортық ауылы

 

Айтжанова Алтынай Хакимовна

Мақсаты: Аға мен қарындас арасында сүйіспеншілік, сыйластық тәрбиелеу; арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт — дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті қонақтар, оқушылар! «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің аясында өткізіліп жатқан «Аға мен қарандас» сайысына қош келдіңіздер!

Жан аға, өміріңнің өріндесің,
Қарындас көңіліңнің төріндесің.
Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ
Тағдырдың сындарында жеңілмесін.

Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,
Мерейім өсіп тұрар ағам барда.
Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,
Келесің жарық сыйлап адамдарға-дей келе, ортаға қатысушы аға мен қарындастарды шақырамыз.

1.Рамазан Нұрлан мен Балжан
2.Нуров Максуд пен Зайнура
3.Асығат Марғұлан мен Айзада
4.Иврай Айболат пен Сезім
5.Садуов Шынғыс пен Самира

Біз бүгінгі сайыста ағалар мен қарындастардың жұптасып өнерлерін тамашалайтын боламыз және оза шапқан қатысушыларымызды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса нағыз Аға мен қарындасты бірге анықтайық.

«Өзің-өзі тану» пәні мұғалімдерінің арнауы әніменен ортаға Зейнолла Дарияны шақырамыз.

Бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек:

1. Сеитова Г. К. жаратылыс-математикалық ӘБ жетекшісі, математика пәні мұғалімі
2. Кадирова А. Н. биология пәні мұғалімі

1 кезең
Сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық, аға қарындастарымен танысайық.

2 кезең
«Қамқор аға».
Отбасыңда әр түрлі жағдайлар болып қалуы мүмкін, аналарыңыздың қолы босамайтын уақыттары жиі болады, ал қарындастарыңның шаштары ұзын, оны әдемі жинап қою керек. Сондықтан қазір ағаларға тапсырма, яғни қарындастарыңның шаштарың өріп беру. Әділқазылар көріп, бағасын береді. /музыка/

3 кезең:
Қарындастай қайырымды жан бұл өмірден табылмас.
Табылмас-ау...

Табылмас!!! — демекші келесі кезеңде қарындастар өз ағалары туралы бізге мәлімет береді. Егерде сәйкес келсе, бір ұпайдан беріледі.

1. Сүйікті тағамы?
2. Ағаң неше жаста?
3. Ағаңның руы кім?
4. Ағаңның туған күні қашан? Қай күні?
5. Ұнататын ісі қандай?

4 кезең:
«Ел іші, өнер кенші» кезеңі.
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін,
Аға мен қарындасқа үй тапсырмасы берілген, өнерлерімен бізді таң қалдыру. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.

5 кезең:
Келесі кезеңіміз «Шеберлі қол» деп аталады.
Түйме қадау.

6 кезең:
«Сүйіспеншілік — өмір негізі».
Сүйіспеншілік айналамызға, жақындарымызға жалпы айтқанда әлемге махаббатпен қарау, адамдарға қуаныш сыйлау, қамқорлық жасау. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам ол бақытты жан, себебі, ол жамандықтың не екенін білмейді.Тек жақсы нәрселер ойлап, игі істер жасап, өмірді жақсы жағынан таниды. Жүрегі сүйіспеншілкке толы адам күн секілді.Күннің әлемге шуақ шашып, мейірімін төгетіні бәріне мәлім, сол сияқты жүрегінде сүйіспеншілігі мол адамдарда өмірімізге жарық күн сияқты еніп, жанымызды жылытады, өмірімзге сән береді.
Коллаж жасау.

Жұптар дайындалғанша ортаға 10 сынып қыздарын шақырамыз «Қазақ биі»

Жүргізуші:

Әділқазылар қорытындылап болса, бүгінгі кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз. Марапаттау кезеңі

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Аға мен қарындас» байқауы өз мәресіне жетті, келесі кездескенше қош сау болыңыздар! Барлық қатысушыларға көп рахмет!

Аты-жөнің:............................................................................(ағаларға)

1. Сүйікті тағамың?
2. Неше жастасың?
3. Руың кім?
4. Туған күнің қашан?
5. Ұнататын ісің қандай?

Аты-жөнің:............................................................................(ағаларға)

1. Сүйікті тағамың?
2. Неше жастасың?
3. Руың кім?
4. Туған күнің қашан?
5. Ұнататын ісің қандай?

Аты-жөнің:............................................................................(ағаларға)

1. Сүйікті тағамың?
2. Неше жастасың?
3. Руың кім?
4. Туған күнің қашан?
5. Ұнататын ісің қандай?

Аты-жөнің:............................................................................(ағаларға)

1. Сүйікті тағамың?
2. Неше жастасың?
3. Руың кім?
4. Туған күнің қашан?
5. Ұнататын ісің қандай?

Аты-жөнің:............................................................................(ағаларға)

1. Сүйікті тағамың?
2. Неше жастасың?
3. Руың кім?
4. Туған күнің қашан?
5. Ұнататын ісің қандай?

Фотографии

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Категория: