Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

1 сынып Дүниетану пәнінен «Алматы» тақырыбы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Альбекова Жазира Сайлаубековна, бастауыш сынып мұғалімі, екінші санатты мұғалім, «Саумалкөл № 2 гимназия-мектебі» СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы

Фото с сайта www.zakon.kz

Сабақтың    атауы

Сабақтың мақсаты

Оқу нәтижесі

Әдіс - тәсілдер

Негізгі дереккөздер

 

 

 

   Алматы

 

Мәтін мазмұнын

өз сөзімен баяндайды,

Қазақстан Республикасының қаласы-Алматы жайында алғашқы түсінік болуы тиіс.

Отанымыздың қалалары жайында білімдерін кеңейтеді, білгендерін ашық айта алады.

Сұрақ-жауап, диалог бақылау, талдау (СТО), демонстрация (АКТ), рефлексивті бағалау (оқыту үшін бағалау), талантты және дарынды баламен жұмыс.

Суреттер, таныстырылым, оқулық, дәптер, кеспе қағаздар.

Сабақ желісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Балаларды топқа бөлу

Қала аттарына байланысты 4 топқа бөлу.

1топ: Алматы, 2топ:  Астана, 3топ: Қарағанды, 4топ: Көкшетау.

ә) Психологиялық ахуал

Жүрек түрінде берілген стикерлерге осы сабақ бойынша тілектер жазып бір- біріне ұсыну.

ІІ. Өткен  тақырыпты пысықтау

Үйге берілген тапсырманы (Астана туралы өлең, эссе) тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ребус шешу: алма (суреті) + тымақ (сөзі),,,.

Шешуі: Алматы.

Миға шабуыл жасау арқылы Алматы туралы білгендерін баяндау.

4 топқа тапсырмалар ұсыну.

1 топ - Мәтінді оқу. 

       Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.

2 топ - Мәтінді оқу.

Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.

3 топ - Оқулықта берілген мәтіннің 1-ші абзацын оқу.

4 топ - Оқулықта берілген мәтіннің 2-ші абзацын оқу.

Дарынды және талантты балаларға тапсырма ұсыну (өлең шығару, эссе жазу).

Әр топта жасырын қағаз тастау, біреуінің ішінде белгі бар белгісі бар қағазды алған бала түсінгенін келесі топқа баяндап береді.

Тапсырманы орындау нәтижесінде:

1.Оқу жылдамдығы артады.

2.Ой өрісі дамиды.

3.Оқығанын толық жеткізе біледі.

4.Шығармашылық қабілеті дамиды.

5.Өзіне деген сенімі артады.

6. Өз бетімен оқуға дағдыланады.

7.Өз ісіне сенімді болады.

Суреттер топтамасымен жұмыс:

Мұқият суреттерді көріп болған соң жұппен сұрақ дайындау.1-ші бала көрсетілген суреттер бойынша, 2-ші бала суреттен тыс.

(диалог жүргізу)

Сергіту сәті: Көңілді әуен арқылы жаттығулар жасау

Жаймаға  сұрақтар дайындап үлестіру

Тапсырманы орындау нәтижесінде:

1 топ:

«Ойлан, тап!» Балалар берілген сөздерден  дұрыс сөйлем құру.

1. Өте, әдемі, қала, Алматы.

2. Етегінде, Алатаудың, орналасқан.

3. «Медеу» мұзайдыны, бар, Алматыда.

4. Алматыда, бар, цирк.

2 топ: «Шатыспақ!» Сөздердің дұрысын тап. Орны ауысқан дыбыстардан сөз құру.

Лаам

Матыал

Аалқ

3 топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді таңдап жаз.

Алматы ......(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағынды Алатау бар. Алатаудың ... (жағасында, етегінде) «Медеу» мұзайдыны бар. Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады.

4 топ: Сұраққа жауап бер.

— Алматы қаласын неге мәдени орталық деп атайды?

— Даңғыл дегеніміз не?

 «Алматы» тақырыбына шағын эссе жазу.

1. Берілген сөздерден ойын жүйеге келтіреді.

2. Сөйлемді дұрыс құра біледі.

3. Дыбыстардан сөз құру.

4. Сұраққа толық жауап береді.

5. Әр тапсырмаға сын көзбен қарайды.

Қорытынды: «Алматы-Астана» қалаларына байланысты Венн диаграммасын құру.

Үйге тапсырма: Алматы туралы өлең жаттау, суретін салу.

 

Рефлексия: Стикерларға «Не ұнады? Не ұнамады?» жазу.

Бағалау:

 

Өзін-өзі бағалау

Жұппен (жанындағы бала)

мұғалім

қорытынды

 

 

 

 

 

 

Категория: