Шестой международный творческий конкурс «Зимние забавы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

Сабақтың тақырыбы: Ақшалар банкте

 

Версия для печатиВерсия для печати

Ныгметуллина Шамшибану Кабылхаировна Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кенті «Мектеп балабақша кешені» КММ экономика пәнінің жоғарғы санатты ұстазы

Ныгметуллина Шамшибану Кабылхаировна

4-сынып «Экономикаға кіріспе пәні»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға күнделікті адам мен қоғам өмірдегі ақшаның ролін, жинақ ақшаны банкілік шотқа не үшін сақтау керектігін, оның ерекшеліктерін түсіндіру.

• қаржы шешімдерін қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
• банк шотындағы ақша қозғалысының есептеу дағдысын қалыптастыру.

«Бірлестік» ойынының мақсаты:

• ақша қаражаттарын басқару саласында ептілігін қолдану;
• ақша саласында ақылға қонымды шешімдер нұсқаларын қарастыру;
• дұрыс балансты қолдай отырып, бар ақша қаражаттарын пайдалануды жоспарлау.

Сабақты баяндау:

Түсінікті түрде ақшаның пайда болу тарихын баяндай отырып, ақша, банкнот,баспа-бас, айырбас, купюра, сөздерінің мәнін нақтылау. Банк шоты туралы және ақшаның олардың өмірінде қандай рөл атқаратынын кеңірек түсіндіре отырып,ойын түрінде қаржы басқару негіздерімен танысатынын баяндау.

Керекті уақыт: 2 сағат

Сабақта пайдаланатын құралдар: 3 бірлестік ойын алаңы, 3 ойын тасы, 3 калькулятор, әр топқа екі фишкадан

Сабақтың барысы:

Алдыңғы сабақта өткізілген Пре-тестің қортындысын (мақсаты ата-аналармен оқушылардың қаржылық сауттылық деңгейлері туралы ақпарат жинау) талдай отырып, оқушылардан ақша туралы түсініктерін тексеріп, алдағы уақытта «Бірлестік» ойыны барысында ақшаны қалай табу, жұмсау және ақшаны сақтау туралы маңызды сұрақтармен және осы тақырып төңірінде пайдаланатын жаңа терминдермен таныстыру (кіріс,шығыс, пайыз,банкілік шот, салым,түсім).

1. «Бірлестік» ойынының ережесімен таныстыру;
2. Жеке банкілік шот есебінің жағдайы туралы үлгілерін тарату;
3. Жұмыс дәптерін таратып, орындалатын тапсырмаларға бағыт беру;
4. Сыныпты әр елдің валюталарымен 3 топқа бөлу.
5. Интерактивный тақтаға бірлестік ойын алаңы мен қолданылатын жаңа терминдердің анықтамасын жазып қою.

Дайындық

Нұсқаулықтағы терминдерді түсіндіру. Ойынға қатысушыларға «сыйлыққа» — 1250 теңге берілетінін оқушыларға хабарлау. Оқушыларға есеп үлгісін қалай толтыру керектігін көрсету.
Ойын алаңының түрлі бөлімдері нені білдіретінін түсіндіру.

Рұқсатнама — ойыншы кезегін жібереді, өткен сегментіне қайта оралады және дұрыс қабылдамаған шешімі үшін айыппұл төлейді.

Таңдау — ойыншы ақшаны жұмсауды не табуды таңдайды: қабылдаған шешімдеріне байланысты ақшаны банктен алады не банк шотына салады.

Үзіліс — тек ойынның 3-ші раундында пайдаланылады: ойыншы ақшаны шоттан алып, қайырымдылық, жинақтау немесе шығын әрекеттерінің бірін жасайды.

Басқа қалған алаң сегменттерінде ойыншылар шотқа орындалған жұмыстан тапқан, сатқан бұйымдарынан не ұтыстан түскен ақшаларын салады, сонымен қатар, оларды шоттан алып жұмсайды. Ойындағы бірнеше сегменттер мен сценарияларды талқылау үшін уақыт бөлу.

Ойын ережесі

• Ойыншылардың кезегін анықтау.
• Ойыншылар кезекпен ойын тасын шиіреді де, фишкаларды сегмент санына қарай қозғап жүріп отырады.
• «Алға» сегментінен өткеннен кейін пайыз бойынша төлем ретінде ойыншы сыйлыққа 250 тенге алады да, оны жеке банкілік шот есебіне жазып қояды.
• Ойыншы белгілі бір сегментке жеткен кезде, нұсқаулықты дауыстап оқып оны орындайды.
• Ойыншы жүріс кезегін жасап, оны жеке банкілік есебіне жазып қояды: операция түрін көрсетеді, соманы лайықты бағанға («Шығынға жазу» не «Түсімге») жазып, балансты есептейді де, соманы «Қалдық» бағанына енгізеді.
• Мұғалім ойынның аяқталғанын хабарламайынша жалғаса береді.
• Ойын соңында оқушылар барлығын есептейді де, «шығыс қалдығын» тиісті бағанға жазады.

Материалды пысықтау

Оқушылар жұмыс дәптеріндегі «Ақша банкте — маршрут бойынша қозғалайық» кестесін толтырады және келесі сұрақтардың жауабын білу керек.

• Неге ақша қозғалысын бақылап отыру қажет?
• Ақша қозғалысын қалай бақылауға болады?
• Банк неге салымшылардың шотындағы ақша қозғалысын есепке алады?

Үй тапсырмасы: Әр топ өз «валюталарының» дизайнын жасап, келесі сабақта топпен қорғайды

Категория: