Тақырып: Жанашырлық — жанға қуат

 

Айтжанова Алтынай Хакимовна, өзін-өзі тану мұғалімі, ІІІ (базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім, «Мортық орта мектебі» КММ, СҚО Уәлиханов ауданы, Мортық ауылы

Айтжанова Алтынай Хакимовна

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сабақ № 14

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік

Сынып: 6

Оқушылар саны: 9

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Өзін-өзі тану сабағы 6 сынып «Жанашырлық — жанға қуат» (фото)

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

6 сыныпта «Жанашырлык — жанға қуат» тақырыбында өткізілген сабақтың рефлексивті есебі

Мен құндылықтар практикасы кезеңі кезінде мектеп бағдарламасына сәйкес 6 сыныпта «Жанашырлык — жанға қуат» тақырыбы бойынша 24 қараша күні сабақ өткіздім. Сабаққа мен алдын ала сабақ жоспарын құрдым.

Сабақта осындай әдістемелік тәсілдерді қолдандым: жағымды ойлау, дәйексөз, мұғалімнің сыйы, шығармашылық, топтық іс-әрекеттер, музыка және хормен ән айту, сонымен қатар соңғы тыныштық сәтінде «Передай добро» атты бейнебаян көрсетілді.

Сабақта әдістемелік тәсілдер толығымен жүзеге асырылды. Тыныштық сәті кезінде балалар өздерін еркін сезінді, нұрға бөленді, өздеріне жақсы сезім алды. Дәйексөздің мәнін оқушылар толығымен ашты, дұрыс түсінді. Мысалы, Зеннат А. түсінгені «Өзің біреуге жақсылық тілесең ол жақсылық саған қайтып келеді». «Асығыс үкім» аңыз әңгімеден Иврай Қ. «Әкесі мән- жайды толығымен түсінбей жатып, баласына қиянат жасады» екенін ұқты. Ал «Мейірімділікті таныт» атты бейнебаяннан оқушылар әрбір адамға қамқор, жанашыр болуды, мейірімділіктерін аямай, риясыз көмек жасауды түсінді.

Шығармашылық жұмыс кезеңінде балалар екі топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмалар алды. Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.

Сабақтың мақсат міндеттері орындалды, өйткені оқушылар жанашырлық не екенін сабақ барысында түсінді, сабақ материалын қабылдады. Ол сабақтың барысында белсенділіктерінен, қызығушылықтарынан және сұрақтарға өз ойларын, пікірлерін айтуынан білінді.

Сабақта оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды, құнды жауаптары болды. Мысалы, Зеннат Аяулым «Ана ол ең жақын адамымыз, ол бізді бала кезімізден өсірді, тоғыз ай құрсағында көтерді» , Иврай Қымбат «Адамдар барлық адамзатқа ойша жақсылық тілеу керек», «Істеген жақсылығымызға өкінбеу керек», Құсниден Сағыныш «Мен ағаммен қалаға барғанда автобустың ішінде бір әжеге орын бердім» деген жауаптары бәріміздің көңілімізден шықты. Яғни сабақта оқушылардан кері байланыс болды деп есептеймін.

Сабақты өзгерту және жақсарту бойынша мен шығармашылық іс-әрекет кезеңінде оқушыларға жағдаятты сахналауға беруге болады деп ұсыныс жасаушы едім.

Осы сыныпта бірнеше өзін-өзі тану сабағынан кейін оқушылардың бойында бір өзгерістерді байқадым. Балалар бір бірімен тату болды, мінездері ашықтау, сабырлылау бола бастады. Өмірбек Айғанымның мінезі тұйықтау болған еді, бірақ соңғы кездері бойына бір жылылық, сүйіспеншілік сезімдері қонған сияқты. Оқушылар өзін-өзі тану сабағына жақсы көңіл күймен келіп, пәнге деген жауапкершілік және сүйіспеншілік таныта бастады. 6 сынып оқушылары өзін-өзі тану сабағын күтеді. Мен үшін ол өте қуанышты.

Категория: