Седьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

Тақырыбы: «Көктем келді алақай!»

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Аскарова Алмагуль Ескеновна, ІI санатты деңгейлі тәрбиеші. «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы МКҚК, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов селосы

Аскарова Алмагуль Ескеновна

2-ші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Қоршаған ортамен таныстыру / сурет салу

Тақырыбы: «Көктем келді алақай!»

Мақсаты:
1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін дамыту.
3. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, сондай-ақ балаларды табиғатты аялауға, Отанын елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
4. Қызғалдақ бейнесін қағаз бетіне дәстүрден тыс әдістерімен түсіру, іскерлік дағдыларын меңгерту.
5. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
6. Бірлесіп ұжымдық жұмыс нәтіжесіне жетуге үйрету.

Тақырыбы: Көктем келді алақай!

Шаттық шеңбері:
Армысың асыл күн!
Армысың ашық күн!
Армысың ұстазым,
Армысың достарым,
Сендерді көргенде қуанамын!

Тәрбиеші: — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем мезгілінің қай айы?

— Көктемде ауа райы қандай болады?

— Ал енді балалар, сендер кқктем мезгілін тамашалауға орманға барғыларын келе ме?

— Жүріңдер орманға.

(Көктем ару алдарынан шығады).

Көктем:: — Сәлеметсіздер ме балалар, мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтын
Түбіне тал еккенмін

— Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар? (сылдырлап аққан судың ағысы)

Тәрбиеші: — Көктем мына судан қалай өтеміз?

Көктем: — Балалар, көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап берсеңдер, жолды көрсетемін. (Құстардың дауысы естіледі, балалар ағашта отырған құстарға қарайды).

Көктем: — Балалар қазір мен сендерді ұшып келген құстармен таныстырамын.

Құстар туралы жұмбақтар

1) Бұдыр-бұдыр балшықты
Жинады да талшықты
Ұқсатып қамытқа
Үй салды жабыққа (Қарлығаш)
2) Қонып алып жарға
Қырқылдайды (Қарға)

Слайд «Аңдар көктемде».

Ұйқысын аша алмай отырған аюға жолығады.

Аю: — Сәлеметсіздер ме, балалар, мен ұйқымнан ояна алмай отырмын. Сендер менімен ойын ойнандаршы. Балалар аюмен ойын ойнайды. Аю қоштасып, өз жұмысына кіріседі.

Тәрбиеші: — Балалар қараңдаршы мынау қандай әдемі «Гүлдер алаңы».

Балалар: — Бұл не қылған гүлдер?

— Қандай әдемі!

Тәрбиеші: — Бұл көктемнің алғашқы гүлдері, бәйшешек пен қызғалдақтар. Оларды жұлуға болмайды. Оларды жұлып алсақ , гүлдер солып, құр өліп қалады.

Көктем: — Балалар көктемде осындай әдемі гүлдерді салғыларын келе ме?

Тәрбиеші: — Балалар, көктеммен бірге гүл алаңын салайық. Оны көктемге сыйлап берейік.

Сергіту сәті:
Күн шыққанда сүйініп,
Бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі-жиі жаттығып,
Үлкен кісі боламыз.

Сурет салу.

Тәрбиеші: — Балалар, сурет салу жаңа әдісімен таныстырамын. Ол «мөр» салу әдісі.

Картоптан жасалған мөрді бояуға малып, батырып қағазға басамыз. Мен сендерге өзім бірінші көрсетемін. Ең бірінші сабағын жапырақ басып саламыз, сосын гүлін басамыз. (Балалар бірігіп сурет салады). Сурет салу барысында ұқыптылық сақтаймыз. Бояумен үстеріңді былықтырып алмаңдар.

Тәрбиеші: — Балалар гүлді көктемге сыйлаймыз.

— Балалар, енді топқа оралайық.

Көктем: — Қайтар жолды қысқарту үшін маған көктем туралы тақпақ айтып беріңдерші.

Балалар көктем туралы тақпақтарын айтады.

Көктем: — Рахмет сендерге балалар! Тақпақтарынды жақсы білесіңдер.
Менің сендерге сыйлығым бар. (Көктем әкелген сыйлығын балаларға береді).

— Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: — Балалар көктеммен қоштасайық.

Балалар: — Сау болыңыз көктем!

Топқа оралу.
Сабақты қорыту:

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар! Бүгін сабақта жұмысты өте жақсы істедіңдер!
Тәрбиеші: — Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа қайда бардық?

Орманда не көрдік? Кім бізге кездесті? Біз көктемге не сыйладық? Сендерге сабақ ұнады ма? Рахмет сендерге балалар! Сау болыңыздар!