Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Құлыншақ

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Касымова Айнаш Кайдаровна бастауыш сынып мұғалімі, ІІ санат, үшінші (базалық) деңгей, педагогикалық өтілі — 20 жыл, Ақмола облысы Көкшетау қаласы «№ 17 орта мектеп» КММ

Сабақтың тақырыбы: Құлыншақ

Сынып: 1

Сабақтың мақсаты: Қазақ алфавиті, дыбыс түрлері тақырыптары бойынша ойларын түйіндей білуге жетелеу, тілдерін ұстарту мақсатында түрлі тапсырмалар бере отырып, салыстыруға, ойларын қорытындылауға жағдай жасау, логикалық тұжырым шығаруға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтижелер: сабақ соңында оқушылар алфавит, дыбыс тақырыптары бойынша ойларын қорыта алады; дауысты-дауыссыз дыбыс байланысын анықтайды; салыстыруды, таңдау, тұжырым жасауды меңгереді. Топпен жұмыс істеу арқылы өз ойын, пікірін жеткізе біледі; өз-өзін бағалауға дағдыланады.

Пәндік нәтиже: Мәнерлеп оқу, оқу жылдамдығы дамиды, әдеби көркем сөздік қоры байытылады.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, диктофон жазбасы, тақырыптық суреттер, «Шытырман» сурет, «қалып карта»

Қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту, көшбасшылық, АКТ, білім берудегі жаңа тәсілдер, ОүБ/ОБ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (құралдарының әзірлігін байқау, топтарға бөліп отырғызу)

Психологиялық дайындық:

«А» деген — АНА,
«Б» деген — БАЛА,
«Б» деген — БАҒА,
БЕСТЕН басқа алма

Өтілген тақырыпты қайталау: Алфавит бойынша білім деңгейлерін анықтау: (жеке жұмыс, өздік бағалау)

«Мен білемін...» (кестеге оқушылар жауаптарын жазады, қалып бойынша тексереді, дұрыс жауаптарына сәйкес ұпайларын жинайды)

Алфавитте

Неше әріп бар?

Неше белгі  бар?

Неше дауысты дыбыс?

Неше дауыссыз дыбыс?

Айтылуында Е бар қай

әріп?

Айтылуында А бар  қай әріп?

Айтылуында Э бар қай әріп?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту.

Шытырман суреттер «Сұлбасы бойынша таны...» («БІЛУ, ТҮСІНУ»)

Шытырман суреттегі жануарларды сұлбалары (нұрғалары) бойынша таныту, бояту. «Жылқы, сиыр, қой, ешкі, мысық, ит» сөздерінің дауысты, дауыссыз дыбыстарын екі топқа бөліп жаздыру. Сөздерді оқушылар өз топтарында талқылайды да, әр топтан бір оқушы жазған дыбыстарын оқиды. Мұғалім «қалып карта» арқылы тексертеді. Оқушылар өздерінің топтағы әрекеттері бойынша ұпайларын алады.

Мағынаны тану: Ойын «Орнымды тап» («ҚОЛДАНУ»)

Берілген сөздерді сәйкес ұяшыққа орналастыру. (үлестірме қағазбен жұмыс). Әр оқушы тездетіп сөздерді тақтаға алфавит ретімен іледі, дұрыс орындағаны үшін ұпай жинайды. (ешкі, жылқы, ит, қой, мысық, сиыр)

Сергіту сәті: (бейне клип)

Оқулықпен жұмыс: (ТАЛДАУ)

— Осы жануарлардың төлдері қалай аталады?

— Құлын туралы не білеміз?

«Құлыншақ» өлеңін алдымен диктофон жазбасынан тыңдату, кейін өздеріне дауыстап оқыту, сұрақтарға жауап алу:

— Құлыншақ қандай?

— Жал дегеніміз не?

— Енді, оқулықтағы 27-жаттығуға қарайық. Тапсырмасын оқимыз. Алфавит ретімен оқыту, көшіріп жазу. (тақтаға шыққан бала, ауызша жауап берген бала өзіне ұпайлар жинай береді)

— «Өлеңнің ұйқасын табыңдар» (ЖИНАҚТАУ)

Құлын сөзіне дыбыстық талдау жасату. (ауызша)

АЛМАСТАН ТЫНЫМ,
ШАБАДЫ. . . .

— Жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқу, талдау.

Бағалау. Мадақтау.

(Тапсырмалар орындалған сайын әр топ мүшесі өздеріне жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.)

Рефлексия. (жасыл-түсіндім, сарғыш-сұрағым бар, сары-түсінбедім)

Категория: