Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Караулова Айжан Мейрмановна учитель казахского языка и литературы, стаж 23 года, первая категория. КГУ «Гаршинская средняя школа» СКО район имени Г.Мусрепова с.Гаршино

Қазақстан — ортақ үйіміз

Айы, күні

7.09

             9-сынып

 

Сабақтың атауы:

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

 

Мақсаты:

Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;

Болашақты жасайтын–қазііргі жастар екенін ұқтыру;

 

Оқу нәтижесі:

Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді;

Өз білімін тәжірибеде қолданады;

Сөздік қорларын толықтырады.

 

Әдіс тәсілдер:

Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту  мен оқуды ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және  көшбасшылық

 

Дереккөздер:

Ноутбук. «Атамекен» қысқаметражды фильм

Оқулық

Сөздіктер

 

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық даярлық «Қала  тұрғындары»

2. Сабақ құрылымына шолу жасау

4. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс

5. Мәтінмен жұмыс

6.Топқа бөліну

7. Топтық жұмыс

8. Рефлексия

9. Бағалау

10: Үйге тапсырма алу

 

1.Психологиялық даярлық «Қала  тұрғындары». Оқушыларға тренинг барысын түсіндіріп, ойынды өткіземін, олардан қандай көңіл-күйде екендерін, тренинг маңызының неде екенін сұраймын.

3.Сабақ эпиграфымен жұмыс: хормен оқу, талдау.

Өзіңдікі де Туың да,

От пен Ауа, Суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

Иран-Ғайып

4.Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс, жалпы орындайды. Мұғалімнің оқуы, оқушылардың айтып үйренуі, мағынасына көңіл бөлу.

 Синонимдік қатар:

Ғалам-әлем-жержүзі-дүниежүзі

Таныған-білген-белгілі

Болған-мойындаған

Тәуелсіз-геменді-еркін-дербес

Заң-ереже-қағида

Қабылданды-бекітілді

Терезесі тең-қатар-бірдей

Тарады-жайылды

Жаңалық-хабар

Қолдады-мақұлдады

Іле-шала-лезде-тез-жылдам- сөздерді қалай түсінетіндіктерін байқау, ол үшін оқушылар топта талқылайды.

5. Мәтінмен топтық  жұмыс. Әр жұп бірге оқып талдайды, бір-біріне түсіндіреді, аударады.

Қазақты ғалам таныған күн

        Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Контитуциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алалтауға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезсі тең мемлекет болып танылды. Енді ол - Қазақстан Республикасы.

       1991жылдың 16 желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бұл дүниежүзінің  үлеенді-кішілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихындағы тағы  бір беттің  ашылғанын қуана қолдады. Түркия бас болып, іле-шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай-ақ АҚШ пен Швейцария таныды. Топта 3-тапсырманы орындау. Диаолг толықтыру.

5. Дәптердегі өзіндік жұмыс: 4-тапсырма. Өзара дәптер алмасу және тексеру.

 

Топқа  бөлу:

2.Топта жұмыс істейтінімізді ескертіп, стиктер арқылы жұпқа бөлемін: 1-топ, 2-топ

 

 

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

9.Жаңа сөздерді қайталау.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)-Денис

Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

 

Сергіту сәті

6. Ноутбуктан «Атамекен» туралы фильм көру.

 

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: 6-7 тапсырма, 12-13 бет. Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіру.

 

Рефлексия

10. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек»

 

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.

 

Категория: