«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала

 
Версия для печатиВерсия для печати

Мусина Нургуль Саутбаевна воспитатель, высшая квалификационная категория, стаж 20 лет. КГУ «Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации» СКО, Кызылжарский район, село Архангельское

Мусина Нургуль Саутбаевна

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани және ұлттық қазынасын сақтап, алға басуы үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жарыққа шығарды. Сан жылдар бойы елбасымыз мемелекет дамуы үшін түрлі бағдарламаларды іске асырды, ендігі кезекте «Рухани жаңғыру» өз бастамасын алуда.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Мемлекетіміз жаңа жаңғыру жолында алға қойған мақсаттарына жетуді көздейді. Негізгі алға қойған мақсат – дамыған отыз мемлекет қатарына кіру. Бұл жолда мемлекетіміз жан-жақты дами отыра, Біртұтас Ұлт болып қалыптасуды мақсат етеді. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны!

Болашаққа бағдар болған бағдарламаның басынан-ақ ұлттық сана жайлы сөз қозғалады. Бұл даму жолында ұлттық кодты сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халық пен ұлттың дәстүрлері жаңғыру жолында бірге жаңарып, заман сыңынан сүрінбей өтіп, жаңғырудың  алғыштарына айналуы тиіс.  Жаңғыру ұлттық-рухани тамырдан нәр алып, қоғамның дамуына ықпал етуі тиіс. Жалпы жаңғыру жолында  тұтас халықтың табысты болуы маңызды. Қазіргі таңда әлемдегі бәсекелестік өте мықты. Бәсекелестікке қарсы тұра білу үшін «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды дамытудың маңызы жайлы елбасымыз өз жолодауында атап өтті.  Мемлекетімізде 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейте отыра, ұлттық байлығымызды сақтап қалып, әрі жаңартып, ұлттық бірегейлікті сақтау рухани жаңғыру жолында маңызды.  Бірлік бар жерде, білімнің даму мүмкіндігі жоғары. Мемлекет үшін білімді халықтың маңызы зор. Білімнің жалпыға ортақ болуы тиіс, бұл жылдам жетіліп келе жатқан дәуір талабына сай.  

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде талай жобалар іске қосылуда. Солардың бірі - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асуда. Бұл жобада өз еңбекқорлығы мен талпынысының арқасында жетістіктерге жете білген адамдардың өмірлік тарихы сипатталып, жастарға үлгі болуда.  Тағы бір бағдарламаның бірі – «Туған жер».  Туған елдің тарихы мен тамаша жерлерімен танысуға бағытталған жоба. Сөзбен емес, іс жүзінде кіндік қаны тамған жердің дамуына үлес қосу әркімге қол жетімді.

Қазақстанның рухани жаңғыруы үшін халық пен мемлекеттің бір тұтас болып дамуы маңызды. Дамудың негізгі қағидасы – ішкі жаңғыру екенін ұмытпаған жөн.

Қолданылған әдебиет тізімі:

http://www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru_a3016293