Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Санаға — сәуле түсірген, желтоқсан!

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Кусаинова Жадыра Каиргельдиновна
Білімі: жоғары, санаты — 2
Жұмыс орны: СКО, Ғ.Мүсірепов ауданы, Ковыльный ауылы, «Ковыльный орта мектебі»

Кусаинова Жадыра Каиргельдиновна

Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз.

Қазақ елі бір тудың астына жиылып, біртұтас ел болуды армандаған қазақ елінің ұлы ұлдары бар еді. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман тілегі іске аспай қалғанымен, ұлттың сананы оятуда қазақ тарихында рухани түрткі болды.

25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, күтумен өтті.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Ең бастысы, бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті болашағы бар» деген сөздерді әрбір қазақстандықтың кеудесіне қуаныш пен шаттық әкеліп, жарқын болашаққа деген сенім ұялатады.

Желтоқсанның 16-ы Ковыльный орта мектебінде «Санаға-сәуле түсірген, желтоқсан!» атты салтанатты жиын өтті. Алғашқы құттықтау сөз «Ақселеу» ЖШС-ның директоры Малаев Серик Татыбаевичке берілді. Келесі құттықтау сөз Ковыльный орта мектебінің директоры Сапакпаева Кунслу Болатовнаға берілді. Өздерінің жылы лебіздерін айтып, келген қонақтарды тәуелсіздік күнімен шын жүректерінен құттықтады. Мерекелік концертке 1-11- сынып оқушылары белсене қатысты. «Қазақстан», «Тәуелсіздік» туралы әндер шырқалды.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі, — дей отырып, еліміздің қуанышы — тәуелсіздік мерейтойымен бәріңізді шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт тәуелсіз заманда өмір сүре берейік!

Источники: https://infourok. ru/tuelsz_azastan_el_treg-496617.htm
https://edudocs. info/tuelsz-azastan-el-treg. html

Категория: