Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов мұражайы. Күрделі сөздер

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ахметова Айнур Амантаевна, учитель казахского языка и казахской литературы СШ № 7 города Аксу Павлодарской области

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: М. Әуезовтің өмірімен танысу, ол туралы тірек-сызба арқылы әңгімелей білу. М. Әуезов мұражайына шолу жасау. Мұражай үйімен таныстырып өту, мәлімет беру.
ә) дамытушылық: Өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету, сөйлеу тілін қалыптастыру, ұйымшылдық, ізденушілік, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов туралы білімдерін кеңейтіп, шығармаларын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, сұрақ-жауап, практикалық, талдау, схемалық, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың ұйымдастыру формасы: жаппай

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мұражай дегеніміз не?

2. Онда нелер болады?

3. Неологизм сөздер дегеніміз не? Мысал келтіру. 

4. Көнерген сөздер дегеніміз не? Мысал келтіру. 

5. Павлодар облысында кімдердің атында және қандай мұражайлар бар?

Енді қандай ақын-жазушыларды білесіңдер? Интербелсенді тақтадан осы ақын-жазушыларды көрсетіп, әрбіреуі туралы сұрап шығу.

Осы ақын-жазушылардың ішінде ұлы жазушы, 2-ші Абай, «Абай жолы» романын жазған кім? Әр оқушы интербелсенді тақтаға шығып, М.Әуезов туралы сұрақтарға жауап жазу.

Қай жерде мұражай үйі бар? ← Мұхтар Әуезов → Кім болған?
                                                   ↓                  ↓
                                   Қай жылы туды? Қай облыста туған?
                      ↓                               ↓
     Ең ұлы романы? Неше жасынан бастап ұлы Абай өлеңдерін жаттады?

Мәтінмен жұмыс. Интербелсенді тақтада жазылып тұрады.

Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі тарихи және мәдени мекеме. Мұражай 1987 жылы қыркүйекте ашылған. Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

1.Әуез бөлмесі;

2. Мұхтардың балалық, жастық шағы;

3. Анасының бөлмесі;

4. «Абай жолы» романы;

5. Мұхтар отбасы;

6. Мұхтар шет елдерде;

7. Мұхтар туған жерінде соңғы рет;

8. Сыйлықтар залы. Барлығы 1000-ға жуық экспонат бар. Оның 610-ы негізгі қорда. Әр оқушы оқып шығып, аудару.

Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі туралы видео көрсету. Сол видеодан көргендерін сұрап өту. Күрделі сөздерді қайталап өту. Мысалдар келтіру. 2 қатарға күрделі сөздерге тапсырмалар беру. Біріккен сөздерді ауызша айтып, неге байланысты екенін оқушылардан сұрау. Мысалы: тасбақа, аққу, итмұрын, Қызылорда, саңырауқұлақ т.б.

1-қатарға бес біріккен қыз баланың аттарын айтқызу.
2-қатарға бес біріккен ұл баланың аттарын айтқызу.

Күрделі сөздерге сөйлемдер келтірту.

Сабақтың қорытындысы: 2 қатар бір-бірлеріне сұрақтар қою.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: Мұхтар Әуезов туралы қосымша мәлімет әкелу.

Категория: