Бажиева Гульмира Алпысбаевна, бастауыш класс мұғалімі, № 68 мектеп-интернат-балабақша кешені, Қарағанды қаласы |
Мақсаты:
Қолданылған көрнекі құралдар: Астана қаласының картасы, суреттері, слайдтар.
Сабақтың түрі: интерактивті саяхат — сабақ.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
а) Сұрақ — жауап арқылы бөлімде өтілген тақырыптармен ақын — жазушылар жайлы қысқаша щоу жасау.
ә) тестжұмыстарының қортындысын хабарлау
а) Интерактивті тақта арқылы Астана қаласына саяхатқа шығу:
ә) Тарихы: 1998 жылы Астана аты берілді 2008 жылы 6 — шілдеде қаланың 10 жылдық мерей тойы болды сол жылы ЮНЕСКО қалаға «Әлем қаласы» деген атақ берді 1991 жылдан бастар әлемінің картасынан орын алды.
б) Картамен жұмыс:
Еліміздің байлықтары дүние бойынша күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден 1-орында, көмір, мыс, никель фосфат, мұнай — 2-орында,алтын өндіруден 3-орында тұр. Осыдан кен байлықтар өндірілетін орталықтар картадан көрсетеді.
Мұнай өндірілетін мемлекеттер картасына кіреді. Мұнай Каспий маңы ойпатында өндіріледі.
а) Мәтінді тізбектеп оқу. Оқу барысында картадан Есіл өзенің көрсетіп , жаңадан бой түзеген ғимараттарды, кейінгі жылдар салынған мәтінде аты кездескен орталықтарды слайд арқылы көрсету керек.
Жыл сайын 6 — шілдеде «Астана» күні аталып өтіледі.
ә) Мәтіннің мазмұнын тандау. Жарты шарлар картасын Еуразия материгі мен Азия дүние бөлігін көрсетіп, дүние жүзіндегі алып жатқан орнын тапқызу.
Таулары: Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу.
Көлдері: Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сарыкөл.
Ағаштары: қарағай, шырша
а) Картадағы суреттер арқылы газ, мұнай шығатын жерлерді табу, ғарыш айлаға, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы орындары, Президент ғимараттары, мешіт т.б. тауып көрсету.
ә) Топпен жұмыс: (әр топ жоғарғыда айтылған шаруашылықтар жайлы білетіндерін ортаға салады)
Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен ірі құрылыстарын білесіңдер?
Осымен әсем қаланың пайда болып, еліміздің жүрегі атануына себеп болған кім деп ойлайсыңдар? Кімнің еңбегі сіңді?
— Бұл қаланың әрі қарай көркеюіне үлес қосқан кімдер болмақ?
— Астанамыз гүлденіп, іргесі биіктей беру үшін біз қандай үлес қоса аламыз?
1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады. Осы Қаулыға орай Президент пен Үкіметтің шешімдерімен мемлекеттік басқару органдарын Ақмола қаласына көшіру жөніндегі комиссия құрылды.
1997 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылы 10 маусымда Қазақстанның жаңа ел орда Астананың халықаралық тұсау кесер өтті.
Мәтінді оқу, мазмұндау. 83 — беттегі. № 7-тапсырманы орындау. Ана тілі христоматиясынан «Қазақ даласы» өлеңін мәнерлеп оқып келу.