Международный образовательный портал «Азбука.kz»
Опубликовано на Международный образовательный портал «Азбука.kz» (https://www.azbyka.kz)

Главная > Новости > Железо > 3D-контент в одно мгновение

Табиғат көріністерін бейнелеу (пейзаж)

Опубликовано 14.03.2014 - 12:10 пользователем азбука.kz
 

Кайырханов Манарбек Сайлаубекович учитель изобразительного искусства и черчения первая квалификационная категория КГУ «Курчумская сш№ 4 им.Н.Островского» ВКО Курчумский район с.Курчум

6 сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғат көріністерін бейнелеудің үлгілерін үйрету, табиғат көрінісін бақылап, этюд жазуға бейімдеу.

Сабақтың әдісі: Модульдік оқыту жүйесі, әдіс-тәсілдері, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс.

Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ әдебиеті, әлемге танымал суретшілер.

Нені білуі тиіс?:

1) Табиғат мезгілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерді.
2) Этюд жазуды.

Нені үйрену қажет?:

1) Суретшінің сурет салу жанрын;
2) Этюдті орындауды.

Оқушыға керекті құралдар: қарандаш, гуашь, акварель, ақ қағаз, қылқалам, су құятын ыдыс, палитра.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Кіріспе бөлімі:

(модульге тақырыпқа ену)

  •  модуль мазмұнын түсіндіру;
  •  бенелеу өнерінде табиғат көріністерін
  •  бейнелейтін көркем шығарма-пейзаж;
  •  табиғат көрінісін қас-қағым сәтте бейнелеу — этюд;
  •  табиғат аясында жүріп сурет салу-плэнер;
  •  табиғат көріністері жайлы жазылған шығарма.

III. Негізгі бөлім: Оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру:

— Бөлім жүйесі.
— Білу.
— Түсіну.
— Қолдану.
— Талдау.
— Жинақтау.
— Бағалау.

Білу: Табиғат жыршысы атанған суретшілердің шығармаларымен таныстыру, оқып шығу.

Түсіну: Этюдті орындау үш топқа бөлінеді:

1) табиғат көрінісін қағаз бетіне ықшамдап бейнелеу;
2) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;
3) түстік бояушешімін табу.

Қолдану: Оқушыларды 4 топқа бөлу:

1) табиғат көріністерін бейнелейтін шығармалардың аттарын жазу.
2) табиғат көрінісіне байланысты бейнелеуде қолданылатын құрал-жабдықтар.
3) табиғат көрінісіндегі кезеңдерге байланыстырып сурет салу.
4) этюд жазу.

[1]

5) Сурет № 1 А.Қуанышбай «Кеш»

Талдау: Әбілхан Қастеевтің, Оралхан Тансықбаевтың М.Кенбаевтың сурет туындыларымен танысып, оны талдау. (бояудың түсі, ауа-райының өзгерісі .т.б.)

Жинақтау: Қазақ халқының ақын жазушыларының, жыршыларының шығармаларынан үзінді келтіру және бейнелеу.

Бағалау: Табиғаттың төрт мезгіліндегі өзгерістерін бейнелейтін суреттер салу, бағалау.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Айдарова З. Бейнелеу өнері 6 сынып. Алматы «Атамұра», 2002 ж.
2. Қастеев Ә. Алматы «Өнер», 2004 ж.
3. Тансықбаев О. Алматы «Өнер», 2004 ж.

Теги: 
Кайырханов Манарбек Сайлаубекович [2]
изобразительное искусство [3]
пейзаж [4]
Категория: 
Изобразительное искусство [5]

Источник (modified on 14.03.2014 - 08:36):https://www.azbyka.kz/tabigat-korinisterin-beyneleu-peyzazh?qt-portfolio2=0

Ссылки
[1] httpss://azbyka.kz/images/614/1.png [2] https://www.azbyka.kz/tegi/kayyrhanov-manarbek-saylaubekovich [3] https://www.azbyka.kz/tegi/izobrazitelnoe-iskusstvo [4] https://www.azbyka.kz/taxonomy/term/166 [5] https://www.azbyka.kz/obrazovanie/izobrazitelnoe-iskusstvo