Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов № 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакупова Айнур Төлегенқызы |
Мақсаты: Спорт жұлдыздары туралы мәлімет беру
Міндеттері: салалас құрмалас сөйлемді қайталау;
Оқушылардың ой — өрістерін кенейту, сөздік қорларын молайту;
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау
Бүгінгі сабақ сәтті өту үшін кәне бір — бірімізге тілек тілейік әр оқушы қолдарынан ұстап тілек тілейді. / 2 слайд/
— Мен саған ..... бүгінгі сабақта белсенді қатысып, жақсы баға алуынды тілеймін! ........
Оқушылар біз сендермен өткен сабақта салалас құрмалас сөйлем жайын сөз қозғадық кәне соны тексеріп көрейік. Мына сандықшаның ішінен кез келген сұрақты алып жауап беріңдер. /3 слайд/
Сұрақтарға жауап бергеннен кейін жаңа сабаққа көшу
— Олай болса, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау үшін мына слайд пен видеоға көңіл бөлсеңдер.
/ 4 Слайд пен видео көрсетіледі/
— Қалай ойлайсындар не мен осы слайд пен видеоны көрсеттім, осыны көру барысында не елестетіндер?
— Бұл слайдта кімдерді көрдіңдер?
— Иә, дұрыс бұл біздің аққайындық спортшыларымыз. Жаңағы раушан гүлінің ашылуындай жарк еті ашылып, шетелдерде қорғап туған жерінің, ел намысын, Қазақстанның туын биік шындарға көтеріп жүрген жүрген спортшыларымыз.
— Ал сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсындар?
— Иә, дұрыс айтасындар осындай ел азаматтары туралы, яғни Лондонда өткен 30 Жазғы олимпиадасында жеңіске жеткен спортшылары туралы сөз қозғаймыз. бүгінгі сабақтың тақырыбы Қазақстанның спорт жұлдыздары.
— Дәптерімізді ашып
20 қараша
сынып жұмысы
сабақ тақырыбы Қазақстанның спорт жұлдыздары деп жазып қоямыз.
— Оқушылар сендер СПОРТ сөзін естігенде көз алдарына не елестейді?
— Қазір 30- ншы Жазғы Лондон олимпиадасы туралы Настя Базалева баяндап береді.
— Олай болса, қазір мәтінмен жұмыс жасаймыз. Әр кімнің алдында мәтін жатыр соны оқймыз.
/Мәтінді дауыстап оқу/
— Мәтін бойынша сұрақ даярлайды
— Сол сұрақтарды бір — біріне қою арқылы жауап алады.
— Ал балалар мәтіннен алған ақпаратты бекіту мақсатында Венн диаграммасын толтырамыз. Жұппен жұмыс жасаймыз.
— Қазір мына шеңберлерге әр спортышың алдымен өзіндік ерекшеліктерін жазамыз. Содан кейін ортақ қасиеттерін көрсетеміз.
ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕР — қазақстанның намысын қорғады
Спортшылар
Алтын медаль игерлері
Қазақтан азаматтары
Ер жүрек
Мақтанышымыз
Дәптерде жұмыс
— Мәтін бойынша сөйлеммен жұмыс
— Мәтіндегі мына сөйлемге назар аударамыз: Илья Ильин ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына жазылды.
1 қатар — фонетикалық талдау
2 қатар — фонологиялық талдау
3 қатар — синтаксистік талдау
Рефлексия: Кестені толтырады
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
— Толтырғаннан кейін әр оқушы өз жазғанын оқып шығады Жақсы балалар Бүгінгі сабақты мен мына өлең жолдармен аяқтағым келеді
Көктудың желбірегені —
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі —
Көктудың желбірегені. Деп біздің спортшыларымыз осындай бәседен шалынбай өтті. Бүгінгі күні сендерде осындай биік шындардан көрінесіндер деп ойлаймын.
Бағалау
Үй тапсырмасы: «Спорт жұлдыздары » тақырыбы бойынша Эссе немесе өлең жазу