Нургали Карлыгаш Назымбековна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы, № 1 Ленинград орта мектебі |
1-сынып
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың көрнекілігі: көрнекі құралдар топтамасы;
Сабақтың құрал-жабдығы: мультимедиялық кабинет;
Сабақтың түрі: заманауи сабақ;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, логикалық, көрнекілік әдісі;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу:
Мотивация кезеңі
Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отыра, сабағымызды бастаймыз.
Миға шабуыл: Үй жануарларын білесіз бе?
Қай жануардың атын атай аласыз? /Тілдесім/
Операция кезеңі
• Бұл сиыр ма?
• Иә, бұл — сиыр.
• Бұл жылқы ма?
• Жоқ, бұл — түйе.
• Бұл қой ма?
• Иә, бұл — қой.
• Бұл ешкі ме?
• Жоқ, бұл — шошқа.
Бұл — біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой, алты ешкі бар. Менің итім мен мысығым бар. Иттің аты — Тарзан. Мысықтың аты — Барсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Пеш үстінде бес мысық —
Бес күзетші, бес пысық.
Тышқан ұстап жемесе,
Бола қоймас еш қызық.
Рефлексия кезеңі
Бағалау: Оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма:
1. 2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай оқу.
2. «Біздің жануарларымыз» тақырыбына диалог құрастыру
Резервті жұмыс
«Енесін тап» ойыны.