Четвертый международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

«Патшаның үш қызы»

Четвертый международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежьяя
 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Курманова Улжан Саржановна воспитатель, ІІ категория, 10 лет стажа. ГККП ясли-сад «Колосок» акимата Айыртауского района СКО» СКО, Айыртауский район, с.Саумалколь

«Патшаның үш қызы»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Драма

Мақсаты: Балаларды ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін рөльдерге еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ертегі атрибуттары.

Мотивациялық-қозғаушы кезең:

— Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізге қонақтар келіп отыр. Алдымен шаттық шеңберіне тұрып сәлемдесіп алайық. Балалар шеңбер бойымен тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды:

Білер қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Қайырлы таң, көк аспан,
Қайырлы таң, жер-ана.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар!

Балалар қолдарын жоғары көтереді, кеудеге қояды.
Балалар, қане, бір-бірімізге өзіміздің жүрегімізден шыққан жылы лебіз тілектерімізді білдірейік.

— Деніміз сау болсын!

— Елімізде тыныштық болсын!

— Көк туымыз биік болсын!

— Жеріміз бай болсын!

— Бәріміз күндей жарқырайық!

— Барлығымыз дос болайық!

Енді орнымызға жайғасайық.

Біз бүгінгі драма сабағында келген қонақтарымызға ертеден келе жатқан «Патшаның үш қызы» ертегісінің сахналық қойылымын көрсетеміз.

Бұрынғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Оның үш қызы болған екен. Бірде патша алыстағы бір шаһарға бармақ болады. Жол жүрердің алдында үш қызынан:

Патша: — Қыздарым, келіңдер.

(Қыздар кезектеп залға кіреді)

Қаладан базарлыққа не алып келейін?

Үлкен қызы: — Әке, маған маржан алып келіңізші! — депті.

Патша: — Қызым, саған не алып келейін? — деп сұрайды.

Ортаншы қызы: — Маған бір алтын сақина алып келіңіз,-дейді. (Патша ең кенже қызынан)

Патша: — Ал қызым саған не алып келейін?

Ортаншы қызы: — Әке, мені есіңізге алған кезде, бір жаңғақ алып келсеңіз, сол маған жетеді — депті.

Автор: Осылай патша қыздарымен қоштасып, алыс жолға шығады.

Шаһарға келіп, өз жұмыстарын бітірген соң, орталықтағы базарға бұрылады. Байқаса бір кісі маржан алып кетіп барады екен.

Патша: — Маржанды қаншаға сатасың, — деп сұрайды.

Сатушы: — Бес сомнан сатып жүрмін — деп жауап береді. (Патша оған ақысын беріп, маржанды қалтасына салады. Осы кезде қасынан алтын сақина сатып жүрген бала өтіп бара жатады).

Патша: — Балам, мына алтын сақинаны қаншаға сатасын- деп сұрайды.

Бала: — Алты сом, -деп жауап береді.

Автор:(Патша балаға ақшасын беріп, сақинаны алып, арбасына келіп мінеді де, кері қайтады. Елге қайтып келе жатып, ол жолда бір бауды көреді.- Ең кіші қызым маған жаңғақтын бір бұтағын алып келіңіз — деп еді ғой деп арбасынан түсіп, бауға кіреді. Бауда жаңғақ коп екен, жақындап келіп қараса, бұлар жай емес, алтын жаңғақтар екен).

Патша: — Кенже қызым қуанып қалатын болды ғой (деп бір бұтағын сындырып алады, кенет патшаның алдынан бір аю шыға келеді)

Аю: — Әй, патша рұқсатсыз менің бауымдағы жаңғақты неге аласың?- дейді.

Патша: — Кешірші мені, менің кенже қызым жаңғақтын бір бұтағын сұрап соған алып едім.

Аю: Жарайды, алып бар, бірақ үш күннен кейін кенже қызынды маған алып келесін — дейді.

Патша: Кенже қызым саған не керегі бар? Кінәлі мен емеспін бе? Жазаламақ болсан мені жазала.

Аю: — Жоқ мен сенімен әзілдесіп тұрған жоқпын. Алып кел деген соң алып кел! Әкелмесен өзім алып кетемін, — депті.

Патша: — Жарайды алып келемін.

(Патша үйіне келгесін алған сыйлықтарын қыздарына таратып береді. Сол күннен бастап патшаның көңіл- күйі болмай қатты уайымдайды, бірақ ешкімге айтпайды. Үшінші күнде өтеді. Бірақ патша не болса, сол болсын деп аюдын шартын орындамайды. Төртінші күні таңертен далаға шықса, алдында аю шығады.)

Аю: — Кенже қызын қайда? Неге маған ертіп әкелмедің- дейді.

Патша: — Саған берер қызым жоқ. Қаласан мені жазала- дейді (Осы кезде кенже қызы сыртқа шығып қалады, әкесі мен аюдың сөздерін естіген ол)

Кенже қыз: Ол қыз менмін — дейді

Аю: Әкең уәдесінде тұрмады. Ол өткендегі саған тарту еткен алтын жаңғақтарды менің бақшамнан рұқсатымсыз алған үшін, сені алып кетуге келдім, тез жинал менімен бірге жүр! — депті.

Кенже қыз: жарайды, мен жиналайын. Әке жыламаңыз, бәрі жақсы болады. (осылай қыз аюмен бірге кетеді, олар алтын жаңғақтары бар бауға жеткенде)

Аю: — Келдік түс.( — деп қызға қарайды.) Менің соңымнан ер! — деп Жер астындағы бір есікке апарып кіргізеді оның іші бәрі жап-жарық алтын сарай болып шығады. Ал жаңағы аю әдемі жігіт болып кетеді.

Жігіт (Ханзада):- ): — Мен жер асты елінің — Ханзадасымын. Өзіме арнап алтын жаңғақтарды жер бетіне өсіремін. Сен маған тұрмысқа шығасың ба? — деп сұрайды.

(Кенже қыз аң-таң болып, қайран қалады. Кенже қыз келісімін беріп, екеуі қосылып ұзақ бақытты ғұмыр кешеді.)