Четвертый международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

«Мағжан поэзиясы» — «Мәңгілік Ел» идеясы

Четвертый международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежьяя
 

Версия для печатиВерсия для печати

Мухаметгалиева Анар Кайратовна, екінші санатты, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, «№ 2 орта мектеп» КММ Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Мухаметгалиева Анар Кайратовна

 

 

«Мәңгілік Ел» — бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды"
Н.Ә. Назарбаев

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

Халықтың рухани болмысының алтын қазынасына айналған ақын — жыры сол халықтың өзімен жасайды. Халықтың тілі, діні өлмейінше оның жыры да мәңгілік, сол ұлттың жүрегінде болмысында қан тамырының бүлкіліндей бүкіл бітімімен бірге бойын, тұлғасын аралап ағады. Ұлы Мағжан поэзиясы осындай ұлы қасиетке ие. Мұндай рухы мықты жырды жалынмен өртеу, өшіру, мәңгілік көзін жою мүмкін емес.

Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату — бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.

Әдебиеттің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді көтереді. Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады. Осы тұрғыдан Мағжанның азаматтық үнін танытатын «Мен жастарға сенемін» өлеңі жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз. Мағжан поэзиясы енді ғасырлар бойы толассыз зерттеуге жетеді. Бұл жұмыс алаш ұлының айбынды рух атой салған «Мен жастарға сенемін» өлеңінің өзекті ойы мен қазіргі таңда елді, ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үнін зерделеуге арналды. Ақынның бір-бір зерттеуді қажет ететін осындай рухани дүниесі қаншама?!

«Мағжан Жұмабаев — біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу — біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ,» — деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан арнайы зерттеуді қажет етеді.

Ел алдындағы басты мұрат — тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы — өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі «Мен жастарға сенемін» өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббаты көреді. Соған мақтанады, шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін!»- деп асқақтай сөйлейді.

Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін — мемлекетті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру болса, ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетіліп, елдігімізді сақтап қалу мақсатында «Алаш идеясы» дүниеге келді.

Алаш идеясының баянды болуына бар ынтасымен еңбек еткен арқалы ақын Мағжан Жұмабаев өз жырларында ел болуды көкседі.

Тіршіліктің көркі ерік,
Адамдыққа ол серік.
Бір түскен соң қақпанға,
Қалар бұрынғы еркелік.
Ойламай барып, ұрынып,
Өкінген аз ба ертелік, — деп еркіндікті, тәуелсіздікті аңсайды.

Мағжан ақын жырлағандай «Мәңгілік ел» болудың алғы шарттарының бірі — ауызбіршілікте өмір сүру.

Көп жағдайда тәуелсіздіктен айырылу — сыртқы жағдайға байланысты болғанымен, надандықтың да, алауыздықтың да салдары бұдан ел болуға әкелгендігін Мағжан Жұмабаев:

Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,

Надандық шәрбәтіна қаныппыз ғой,- деп ашына жырласа, «Бостандық» , «Есімде... тек таң атсын» өлеңдерінде ақынның тәуелсіздік жолындағы жанын құрбан етер ерекше
қайраты сезіледі:

...Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық, — деп қуанады,
бостандықты ізгі періштеге теңейді.

«Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыру ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры — ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік ел», — деді Президент.

Еліміздің ертеңі мен болашағы — жастардың қолында. Олай болса, өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек.

Осындай ұлы тұлғалардың төңірегінде оның ізбасарлары өседі: одан үлгі — өнеге алады, ғибратымен жетіледі. Егер замаң оқиғалары бұл ұлы тұлғаларды ұлтынан шеттетсе ғана мәдениет өзге арнаға түседі, өзінің ғасырлардан нәр алатын бастауларынан көз жазып қалады. Сондықтан біз ұлы тұлғалар болмайынш, ұлт мәдениетінің өспейтінін керісінше, өшетінін бар болмысымызбен пайымдауымыз керек.

Ендеше, ұлы Мағжан поэзиясын ұлт мәдениетінің күре тамыры деп қарауымыз заңды.
Қазақ әдебиетінде Мағжан жыры ұлттық рухани болмысқа айналған. Сондықтан қазақ поэзиясы сөз болған күнде Мағжан бүгінніңде болашақтың да ой — мүддесімен тоңның ішкі бауындай жымдасып үнемі өзінің ұлы биігінде қала бермек. Мағжан жыры — мәңгілік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М. Жұмабаев 1-2 том, 2004ж
2. Мағжан, 2006ж
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2006ж
4. Әдеби — көркем қоғамдық — саяси журнал «Мағжан», 2013ж

Похожие материалы: theslide.ru/uncategorized/mazhan-zhmabaev-shyarmal…nday-mglk-el-ideyasy (https://theslide.ru/uncategorized/mazhan-zhmabaev-shyarmalarynday-mglk-el-ideyasy)

Категория: