Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Ашық сабақ «Көңілді старт»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Бостандық орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жазитов Естай Мұқатайұлы

Жазитов Е.М.

Мақсаты:

А) Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту
Ә) Оқушыларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру.
Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс түрінде.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.

Өтілетін орын: Спортзал

Өтілетін сынып: 4 «А»

Керекті құрал — жабдықтар:

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Қатысатын командалар: класс оқушылары, капитан командалары

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс — шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер-де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Сіздерге жеңіс тілейік, — дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары 3-топқа бөлініп сапқа тұрады

Эстафета түрлері:

  1. «Музыкалық сәлемдеме»
  2. Шегіртке
  3. «Секіртпемен секіру»
  4. «Жеміс жинау» ойыны
  5. Қасықтағы шарик
  6. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру
  7. Хан талапай.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

1. «Музыкалық сәлемдеме»

Әр командадан бір музыкалық сәлемдеме (ән, би, музыкалық пародиа).

2. Шегіртке

Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады

3. «Секіртпемен секіру»

1-ші белгіге дейін секіртпемен секіре барып, секіртпені тастап, допты ыршытып алып жүру және қайта оралу. I -10 ұпай, II — 9 ұпай, III — 8 ұпай, IV — 7 ұпай.

4.«Жеміс жинау» ойыны

Шеңбер ішінен жеміс жинау (тенис шары) Әр ойыншы әрбір баруында бір жемістен жинайды. Берілген уақыт ішінде жиналған жемістін санымен есептелінеді. Бір жеміс 1 — ұпай.

5. Қасықтағы шарик

Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.

6. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру

7. Хан талапай.

Команда капитандары жарысы.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да — дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.