Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Жоба негізінде білім беру әдісі

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Жарманова Мира Жамаловна, математика пәні мұғалімі, 2 категория, Астана қаласы «Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты»

Жоба негізінде білім беру әдісі

Жоспар:

1. Жоба негізінде оқытудың маңыздылығы.
2. Жоба негізінде оқыту деген не?
3. Шығу тарихы.
4. Қазақстан мектептерінде қолданысқа енгізудің пайдасы.

Жоба негізінде оқыту маңыздылығы

Қазіргі таңда бір мәселе көптеген ұстаздарды толғандырып жүр. Ол — оқушылардың сабақ оқуға деген қызығушылықтарының жас ұлғая келе кемуі болып табылады. Балалардың оқуға деген қызығушылығын жалпы сынып белсенділігі ретінде қарастырсақ, ең жоғарғы дәреже бастауыш сынып кезінде болады. Одан кейін орта буында бұл көрсеткіш азая түседі де, сол қарқынмен азая-азая бітіретін жылға келгенде ең төменгі дәрежеге түседі. Ең өкініштісі, кейбір мұғалімдердің де, ата-аналардың да ырқына көнбейтін жағдайлар жоқ емес.

Технологияның даму қарқыны дұрыс, әрі тиімді жоспарланбаса, оқытушылардың еңбектерінің жемісін көре алмауы олардың салын суға кетіріп, өз жұмысының дәрәжесінен қанағаттанбауға алып келеді. Қай жерде қателік жасадым? Неге оқушылар сабақты тыңдамайды? Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін не істеуім керек деген сияқты сұрақтар әрбір білікті ұстаздың ойын мазалауы тиіс.

Осындай мәселелердің шешімдерінің бірін білім беруді жоба негізінде жүргізу деп айта аламыз. Көптеген елдердің мыңдаған пән мұғалімдерінің тәжірбиесіне негізделген зерттеу нәтижесі соның дәлелі ретінде қарастырыла алады. АҚШ мен басқа да елдердің ұстаздарының аталған білім беру тәсіліне көңіл бөлуінің себебі деп төмендегілерді қарастыра аламыз:

• Қазіргі таңның оқушылары үшін білім алу процессі іш пыстырарлық және мағынасыз болып табылады. Ал (PBL-Project Based Learning) жоба негізінде өтілген пәндерде оқушылар белсенді және алған білімін қазіргі өмірмен ұштастыра алады.
• XXI ғасырда жұмыста жетістікке жету үшін негізгі білімге ие болу жеткіліксіз. Ал PBL баланы тереңдетілген біліммен қоса жауапкершілікке, досына сенім артуға, топпен жұмыс істеуге үйретеді және шығармашылық қабілетін арттырады.
• Бұл тәсілдің негізгі шарты болып табылатын — ғылыми жобаны кәдімгі өмірмен байланыстыра алумен қоса сыни тұрғыдан ойлауды және көптеген ақпаратты коммуникациялау технологияларымен жұмыс істеуді үйретеді.
• Оқушылардың бас тарта қоймайтын, жиі қолданатын заманауы технологияларын тура жолда қолдандыра отырып, бір қарағанда зиян болып көрінетін затты пайдалы да ете аламыз.
• Осы және басқа да ұтымды жақтары бұл тәсілдің тиімділігінің дәлелі болып табылады.

Жоба негізінде оқыту деген не?

Жоба негізінде оқыту (PBL) жетекшінің қадағалауымен, қағазға басылған ақпаратты қолдану және оқыту-жаттату тәсілдері арқылы білім беру түрлеріне баламалы болып табылады. Аталған әдістің жақтаушылары оның білім беруде тақырыпты терең түсінуге, пәнді кең ауқымды қабылдауға, жеке оқушылармен және топпен байланыс құруда коммуникациялық қабілет, лидерлік, шығармашылық және сауаттылық қабілеттің артуына үлкен септігін тигізеді.

Бұл әдіс негізінде оқушыға оқу жылының тақырыптарын қамтитын, қазіргі уақытпен байланысқан және оқушының деңгейіне сай жоба беріледі. Оқушыға жеңілдік ретінде мұғалімнің қалауына қарай жобаны сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау жұмысы немесе емтихан ретінде бағалауға болады.

Әдістің негізгі идеясы жобалардың қазіргі өмірмен байланысты болуында болғандықтан, бала сол тақырып төңірегінде тереңірек ойланып, сол тақырыпқа қызыға бастайды. Ұстаздың бұл жердегі рөлі оқушыға бағыт-бағдар беру, жоба жасауы үшін көмектесу, маңызды тапсырмаларды беру, оқушының білімділік және қоғамдық коммуникациялық қабілетін дамыту және жасалған жұмысты әділ бағалау болып табылады. Берілуі мүмкін тақырыптар ретінде:

  • Жаңбыр неге жауады?
  • Қаламыздағы жарнамалардағы грамматикалық қателер.
  • Microsoft Excel бағдарламасында Менделеев кестесінің элементтерін табу ойынын құрастыру
  • Математиканы не үшін ұнатуымыз керек?

деген сияқты тақырыптар беріле алады.

Шығу тарихы

Тәжірбиеге сүйене оқыту жүйесін қолдаушылырдың алғашқылыры болып Конфуций мен Аристотель болып табылады. Сократ болса білім беруді қазіргі таңдағы PBL үшін де маңызын жоғалтпаған сұрақ сұрау, зерттеу және сыни тұрғыдан ойлау арқылы модельдеген. XX ғасырда Американдық теоретик және фиософ Джон Дьюи тәжірбие мен қызығушылыққа негізделеген білім беру жайлы сөз қозғайды. Дьюи дәстүрлі сабақ беру әдісі мен оқушыны пассивті білім алушы ал мұғалімді статикалық білім өткізуші ретінде қарауға қарсы тұрды.  Білім — өмірге дайындау емес, білім — өмірдің өзі деп айтады.

Швед психологы Жан Пиаже әр түрлі жастағы тәжірбиені әр қалай қабылдайтынымызды көрсетті. Оның ойлары білім алушылырдың тәжірбиесіне сүйене отырып сұрақ сұрау, зерттеу, басқалармен қатынасқа түсу және соны ойлауы арқылы білім беру әдісін құрауға негіз болды.

Медицина, инженерия, экономика және т. б. білім салаларында проблема негінде оқыту жарты ғасыр бұрын пайда болды. Ол бағдарлама бойынша оқушылыр дәл өмір сүріп жатқан уақыттарына сәйкес проблемаларды шешу арқылы білім алған.

Қазіргі уақыттағы жоба негізінде оқыту сол әдістерден бастау алады.

Қазақстан мектептерінде қолданысқа енгізудің пайдасы

2011-2020 бағдарламасына сай: 2020 жылы әрбір оқушы мен мұғалімде дербес компьютер болады деп көрсетілсе, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қазіргі кезде 36%, Бағдарлама аясында ол көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарлануда. Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылып, алдағы жылдарда түбегейлі өзгерістер болмақ. Ол өзгерістерді сапалы орындауға қажетті құрал-жабдық базасы бар, Елбасының жолдауда айтылғандай, білім беру нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ісденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру, білім беруді жаңғыртуға атсалысу әркімнің мойнына қойылған міндет болып табылады.

Толығымен компьютерленген, ақпараттық дәуірде бұл әдісті қолдану мектеп, лицей және гимназиялардың білім деңгейін көтеру; оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және бәсеке қабілетті білім алуына жағдай жасау; Қазақстанның көркеюіне үлкен үлес қосарлық білімді және ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу; өз жұмысын ұнататын әрі ізденімпаз мұғалімдер жетілдіру мен еліміздің ұстаздарының беделін өте жоғары деңгейге көтеруге қосқан маңызды бір іс.

Пайдаланылған әдебиет

1. httpss://bie.org/about/why_pbl
2. httpss://en.wikipedia.org/wiki/Project-based_learning
3. httpss://www.edutopia.org/project-based-learning-history
4. httpss://www.bsh.kz/news/1298615545.html

Категория: