Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Мусаинова Асем Амангелдиновна социальный педагог Бостандыкской средней школы, Акжарский район Северо-Казахстанская область

Мусаинова А.А.

 

Нашақорлыққа қарсы іс-шара

Мақсаты: Халқымыздың марасында кең тараған зиянды әдеттер-араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру.

Тәрбиелік мәні: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып,өзін-өзі бағалауға,адамгершілікке,бауырмалдылыққа,ұлтжандылыққа, келешекте саналы да сауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Өту әдісі: сұрақ-жауап,шешендік өнер, ой-пікір алмастыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, жарнамалық суреттер, бүктемелер.

Барысы:

Денсаулықтың жаулары жайлы ұлы адамдар өсиетінен:

Әркім-ақ шарап ішсе мас болады, Іштегі барлық сыры паш болады. Білімді ішсе-наданның кейпін киіп, Надан ішсе-жасайды масқараны. Ей,құлқынның құлдары, тыңда ақылды, Өсиеті дананың-біл нақылды; Адамға тән қасиет ішсе-тынар, Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар.

Жүсіп Баласағұн

Арақ —ардың ажалы, Ақшаның тажалы. Ырыстың қырсығы, Абыройдың мылтығы. Жақсылықтың жаңқасы, Төбелестің арқасы.

Құлтума Сармұратұлы

Мас болу-өз еркіңмен жындану.

Аристотель

Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

О.Бальзак

Маскүнемдік адамның басын өзі масқаралап,қорлауы.Араққор мал сияқты өзін-өзі айуанның қатарына апарып қосады.

В.А.Сухомлинский

Сынып үш топқа бөлініп, үш бөлек отырады.

1-топ: Араққа қарсы топ.

2-топ: Есірткіге қарсы топ

3-топ: Темекіге қарсы топ.

Бағдарламасы:

І. Тақырып мазмұнын ашу

ІІ. Қездейсоқтықтан шығу

ІІІ. Сұрақ-жауап

ІҮ.Өлең шығару сайысы

Ү. Сурет сайысы

ҮІ. Сахналық қойылым: «Қара пима мен қара бала»

ҮІІ.Қорытынды

Мұғалім: Қымбатты балалар, міне бүгін сендер өздеріңе алдын-ала берілген тапсырма бойынша өз ойларыңды ортаға саласыңдар. Әрбір топ ойын ашық айтуға, сұраққа мүмкіндігінше нақты және дәл жауап беруге, еркін сөйлеуге тырысыңыздар.

І. Тақырып мазмұнын ашу

Мұнда әр топтан бірнеше оқушы өз зерттеулері бойынша жинақтаған арақтың, темекінің және есірткінің зияны туралы өз ойларын ортаға салып талқылайды.

ІІ. Кездейсоқтықтан шығу

Мұғалім үш топқа өз кезегімен мына төмендегіше жағдаяттар келтіреді.

1-топқа: Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың. Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ. Ата-анасына айтайын десең, олар маскүнем. Ұзтазыңа айтайын десең досыңның көңілін қимайсың. Сен досыңды қалай құтқарар едің?

2-топқа: Өткен жылы ғана мектепті бітіріп қалаға кеткен бір көршің саған есірткімен ауызданғанын және оны шеккенде керемет күй кешетінін айтты. Тіпті сені де ауыздандырғысы келді. Сен қабылдар ма едің?

3-топқа: Саған 11 сынып оқушысы: «Маған күніне бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп,шарт қойды. Өзіңді қалай құтқарасың?

Міне, осы жағдаяттар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.

ІІІ.Сұрақ-жауап

Бұл кезеңде әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.

Сұрақтары:

  1. Алкогольдің ас қорыту жүйесіне тигізетін зияны?
  2. Шылым шегудің тыныс алу жүйесіне тигізетін зияндары қандай?
  3. Есірткінің қауіпті түрлерін атаңдар?

ІҮ. Өлең шығару сайысы

Бұл сайыста әр топ сол мезетте бір-бір шумақ өлең шығаруы тиіс.

1-топ: Арақ ішсең азарсың,
Көшеде жатып тозарсың.
Қадірің кетіп баршаға,
Масқара болып қаларсың.

2-топ: Есірткі деген бұл пәле,
Өміріңді өксітер.
Ес-түсіңнен айырып,
Айуандыққа жеткізер.

3-топ: Темекіңді шеқпеймін,
Шекпедің деп сөк мейлің.
Қысқарады өмірің,
Соны ойла, жан құрбым.

Ү. Сурет сайысы

Оқушылар әр түрлі жаман әдеттерге қарсы екендіктерін көрсететін, жаманнан жирену керектігін насихаттайтын суреттерін қорғайды. Сурет плакатқа салынады.

ҮІ. Сахналық қойылым

Мұнда А.Қоразбаевтың «Қара пима мен қара бала» әніне жазылған сахналық қойылым көрсетіледі. Бұл қойылым осы тәрбие сабағының қорытындысы есебінде көрсетіледі.Көрініс соңында оқушылар ойларын ортаға салады.

ҮІІ. Қорытынды

Мұғалім: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ру-руға бөлініп, атыссын, шабыссын демеген. Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бастайтын ащы судан арылайық! Алкогольдің,темекінің,есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері-адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық,жас ұрпақ!

Пайдаланылған нақыл сөздер:

«Ұдайы ішімдікке салыну залалды, ол бауыр мен мидың бітімін бүлдіреді, жүйкені әлсіретеді, жүйке ауруына шалдықтырады,кенеттен ажалға душар етеді.»

Ибн Сина

«Сен арақты әлі татып алмаған, әлі оның уына бөкпеген жас жігіт болсаң-желіктеген аулақ бол, кір шалмаған пәктігіңдң сақай біл.»

Лев Толстой.

Дәулетін, адам ақылын, Тонайды арақ ақыры.

Грузин мақалы

Арақ жігітті сұлатар, Қайыр-садақа сұратар.

Орыс мақалы

Адамды арақ жетелейді сорына, Жарлылық пен дерт ереді соңына.

Тәжік мақалы Арақты жеңген алып жоқ. Қазақ мақалы