Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Воскобович дамыту ойындары

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Абдрахманова Асем Кайраллаевна тәрбиеші, «Ақсу қаласының №24 сәбилер бақшасы» КМҚК

Абдрахманова Асем Кайраллаевна

Кіріспе

Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген:"Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде,
сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, баланың оқуға, білімге деген ынта — ықыласы, құштарлығы болуы керек«.

Психолог — ғалымдар: Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту. Логикалық ойлау — логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны — логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.

Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек: мұнысыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. Сондықтан да математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамуымен байланысты болуы керек. Бұл ойлаудың түрі негізі жалпы ойлаудың үш формасын меңгеру шартымен ғана дамиды: көрнекі әсерлік, көрнекі мүсіндік және логикалық.

Алғашқыда 3-4 жаста көрнекі әсерлік ойлау күш алады. Бала пирамидка жинағысы келеді, одан соң оны түзетіп қалауға тырысады.

Бала мектеп, дүкен ойындарын ойнайды, суреттерді үлкен қызығушылықпен қарастырады.

Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады. Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда балалардың логикалық ойлау қабілеттері артады, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам. Ал мектепалды, сәби балалардың ең басты ісі-ойын. Ойын арқылы балалар шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытады.

В. В. Воскобовичтің дамытушы ойындарын бүгін педагогтар мен психологтар көп пайдаланады. Воскобович ойындары арқылы балалар көп нәтижеге жетеді.

Дамытушы ойындары — психологиялық және педагогикалық технологиялардың интеграциясы, танымдық дамуын ынталандыратын және анықталған дағды. Дамыту ойындарының алдына қойылған әр түрлі міндеттерді шешу барысында олар әлі де қызықтың бірегей болып қала беруі, бала үшін шығармашылыққа орын қалдыратындыруы, ойыннан ойынға қарай өздерінің тартымдылыңын жоймауы маңызды. Осы толып жатқан шығармашылық бағыттар, ойындар педагогика дидактикасы бойынша бізге таныс арасынан, ерекше, үздік ерекшелігі бар, шығармашыл өте мейірімді ойындар тобы — Воскобовичтіңдамыту ойындары. Осы ойындарының негізіне салынған негізгі принциптері — қызығушылық —таным-шығармашылық — максималды түрде әрекетте болады, өйткені ойын балаға мейірімді, өзіндік ерекшелігі, ертегі, шымтырық, қызықты кейіпкер немесе қызықты сапарларға шақыру тілімен берілген. Осы ойындарды ойлап табуға өзінің балалары себеп болған. Инженер-физик Вячеслав Воскобовичтің балалары Перестройка кезеңінде туды, ойын дүкендері жас әкені ойға тіреді. Онда бар ойындарды біздің әжелеріміздің әжелері ойнаған ойындарды ұсынды. Ал елімізде альтернативті педагогика туралы өзгерістер белсенді жүріп жатты. Сондықтан да Вячеслав Вадимович Воскобович тәрбие берудің алдыңғы қатарлы үдістеріне өзінің лебін қосуды жөн көрді. Воскобовичтің алғашқы ойындары 90-шы жылдардың басында пайда болды. «Геоконт», «Ойын шаршысы» (қазір бұл «Воскобовичтің шаршысы»), «Складушки» бірден өзіне зейін аударды. Жылдан жылға олар көбейе берді — «Мөлдір шаршы», «Мөлдір цифр», «Домино», «Көбейту планетасы», «Сиқырлы басқатырғыштар», "Математикалық себеттер"сериялары. Бірінші әдістемелік ертегілер де пайда болды. Воскобовичтің практикасы отбасы аясынан тез шықты. Оны тәжірибемен бөлісу үшін әр түрлі семинарларға алдымен өзінің туған қаласы (онда әлі Ленинград) шақыра бастады, ал содан кейін оның аумағынан да шыға бастады.

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF